Медиация тәртібімен тараптардың татуласуы
1 Мая 2018 (12:30) | 3119 | Автор: Нурганым Имашева
Дала билігінің дара тұлғалары – Төле би, Қазыбек би, Əйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға аса назар аударған.
Дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету – медиацияның мақсаттары мыналар болып табылады: медиацияға еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық қағидаттар негізінде жүргізіледі.
2011 жылдың 28 қаңтарында Медиация туралы Заңы Елбасымен қол қойылып, 2011 жылдың 05 тамызында заңды күшіне еніп, қолданысқа енгізілді.
Яғни, қолданыстағы ҚР «Медиация туралы» Заңы атауы ерекше болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес.
Медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың, яғни, медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы əдісі.
Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады.
Жоғарыда атап өткендей, аталмыш заң жеке жəне заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне өзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ, онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады.
Медиатордың міндеті - келіссөз жүргізу, екі жаққа қолайлы, көңілге қонымды шешім іздеу және ұсыну.
Татуласудың басты артықшылығы – ол тек дауды реттеп қана қоймай, сонымен бірге қарым-қатынасты сақтап, қалпына келтіреді. Тараптар өз еркімен, саналы түрде ортақ келісімге келеді.
Медиаторды әрбір адам өзі таңдаған соң жемқорлыққа да жол берілмейді.
Гүлсім Матжанова
Ақтау гарнизоны әскери сотының бас маманы
Суреттер kae.kz, dogovor24.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему