Маңғыстау ауданының балуандары - аймақ чемпионы
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 22:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау ауданының балуандары - аймақ чемпионы

1 Ноября 2016 (20:30) | 3074 | Автор: Нурганым Имашева

 Фото автора 

 

 

            Облыс орталығындағы Тұрар Жолдыбаев атындағы спорт кешенінде ересектер арасында дзюдодан облыс чемпионаты өтті. Оған Маңғыстау, Түпқараған, Бейнеу, Қарақия аудандарынан және Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан келген 80 балуан қатысып, боз кілемде белдесті. Жарыстың қорытындысында командалық есепте бірінші орынды-Маңғыстау ауданының балуандары иеленді.

            - Жарысқа Маңғыстау ауданынан 33 балуан әкелдік. Қорытындысында балуандарымыз үш алтын, төрт күміс және үш қола медальдармен бірінші орынды иеленді. Бұған дейін облысымызда ересектер арасында ҚР чемпионы шыққан жоқ.

Биыл алғаш рет Маңғыстау спорт тарихында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Әмірбек Жеңісов Ел чемпионы атанған болатын. Балуанымыздың осы жеңісті сәтін алдағы жарыстан өзге де балуандар қайталайды деп сенемін, - дейді Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қуанышбек Ізбенов.

            Тартысты өткен жарыстың қорытындысында 60 келі салмақта Рамазан Мамаев (Маңғыстау ауданы), 66 келі салмақта Айбек Имашев (Ақтау), 90 келі салмақта Мейрамбек Жаңабай (Ақтау), 73 келі салмақта Бағдат Ерғазы (Маңғыстау ауданы), 81 келі салмақта Сапар Нұрмұханбетов (Түпқараған ауданы),  100 келі салмақта Руслан Мамбеталиев (Маңғыстау ауданы),  +100 келі салмақта Нұрдәулет Жарылғапов (Ақтау) жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медальдің иесі атанды. Жарыс жеңімпаздары қараша айының 15-19 аралығында Қызылордада өтетін Ел біріншілігіне жолдама алды. 

            - Биылғы жыл мен үшін сәттіліктерге толы болды. Жақында Семейде Қабанбай батыр мемориалына арналған самбо күресінен ересектер арасында ҚР-ның Кубогы үшін өткен жарыста топ жарып, жерлестеріме алтын медальді сыйладым. Сол жеңісімд Қызылордада өтетін ҚР чемпионатында да қайталағым келеді.

 Барлық жеңімпаздардың алдағы жарыстарда да топ жарып, аймаққа жеңіспен оралуларын тілектеспін, - дейді Бағдат Ерғазы.

            Жалпы командалық есепте бірінші орынды Маңғыстау ауданы иеленсе, екінші және үшінші орындарды «Шоғы батыр» спорт мектебі мен «Толқын» спорт мектебі өзара бөлісті.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему