Ақтаулық кішкентай жұлдыз Жасмин Джантлеу республикалық байқаудан жүлдемен оралды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 08:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық кішкентай жұлдыз Жасмин Джантлеу республикалық байқаудан жүлдемен оралды

23 Апреля 2018 (13:15) | 3063 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Астана қаласында І Республикалық "Шабыт жұлдызы" жас орындаушылар конкурсы өтті. Аталмыш байқауға Ақтау қаласынан барған Джантлеу Жасмин есімді 8 жасар кішкентай жұлдыз "Ән айту" номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 

Бүгінде №13 мектеп-гимназиясының оқушысы болып табылатын Жасмин білім ордасының үлгілі де озат оқушысы. 

 

Кішкентай жұлдыздың «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде» жетекші есепшісі болып қызмет ететін анасы Джантлеуова Альбина Маратқызы:

 

 

-Қызым кішкентайынан өнерге құмар болып өсіп келеді. 2016 жылы "Дарын балабақша-гимназиясын" жоғары дәрежеде бітіріп, сол жылы күзде №13 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттады. 1"А" сыныбына қабылданды.

 

2014 жылдың сәуір айында, ол кезде қызым 4 жастағы бүлдіршін болатын, теледидар қарап отырған Жасмин жылап, маған: «Мама, мені неге ән салу сабағына бермейсің?» -деді.

 

 

Баланың сөздерінен кейін біраз ойланып қалдым, содан 2014 жылдың маусым айынан бастап Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде вокал сабағынан дәріс алып бастадық.

 

2015 жылы вокалдық сабағының іріктеу кезеңінен өткен қызым "Ертегілер" атты тобының мүшесіне қабылданды. Қазіргі таңда Жасмин сол топтың мүшесі болып табылады, -деді перзентінің өнерге қанат қаққан қадамы туралы әңгімелей отырып.

 

Осы қысқа мерзім ішінде, небары 3-4 жыл уақыт аралығында өнерге жаны құмар балғын Жасмин бірнеше байқауларға қатысып, оларда түрлі марапаттарға ие болған.

 

 

2017 жылы "Қазақстан –Ақтау" телеарнасы ұйымдастырған "Елім деген бала – ертеңіміз" атты байқауына қатысып, «Ән айту» номинациясы бойынша I орын дипломымен марапатталған.

 

Сол 2017 жылы "Бала Даусы"аталған "Ұлттық балалар ән байқауына" қатысып, «Ән айту» номинациясы бойынша ынталандыру марапатын иеленді.

 

2018 жылы "І Республикалық Қазақстан Таланттары Рухани-Патриоттық" байқауында "Эстрада Вокал"номинациясы бойынша жоғары деңгейде көрсеткен өнері үшін I дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.

 

Енді міне, Елордада өткен І Республикалық "Шабыт жұлдызы" жас орындаушылар байқауының жеңімпазы атанып, "Ән айту" номинациясы бойынша I дәрежелі дипломымен марапатталған кішкентай Жасминнің жетістігіне ата-анасы, барша туыстары, өзі білім алып жүрген Ақтау қаласының №13 мектеп-имназиясындағы ұстазы мен сыныптастары және өзіне вокалдан дәріс беруші ұстазы Нұргүл Медербекова да дән риза.

 

 

Абай атындағы мәдени-демалыс кешеніндегі Ольга Хныкина жетекшілік ететін «Радуга» балалар шығармашылығы студиясында вокал сабағынан дәріс беретін ұстазы Нұргүл Сапарбекқызы:

 

-Жасмин бізге 5 жасынан бастап келді. Оның зеректігі мен музыканы ұғыну қабілеті мені бірден тәнті етті. Ол алғашқы екі ай сабақ алғанның өзінде біраз әнді жаттап үлгерді.

 

Кішкентай шәркіртімнің өз-өзін жетілдіруге деген құлшынысы мені сондай қуантады. Сонымен қатар, Жасмин «Ертегілер» атты вокалдық тобының мүшесі. Мен осы топтың жетекшісімін. «Ертегілер» тобы тек қалалық деңгейде ұйымдастырылған концерттерге ғана қатысып қоймай, сонымен қатар Астана қаласында өтетін Маңғыстау облысының мәдениет күндері аясында ұйымдастырылатын үлкен мәдени шараларға да қатысады.

 

Біз көбіне балаларға бала деп қараймыз, өзімнің ұзақ жылдарғы ұстаздық еңбегімнің нәтижесінде ойға түйгенім: әрбір бала – Тұлға.

 

Шәкіртім Жасминннің келешегі өнермен тығыз байланысты болады, ол үлкен сахнада өнер көрсететін болады деп ойлаймын. Осы жолда оған үлкен сәттіліктер мен жеңістер тілеймін. Биік шыңдарды бағындырумен өнер әлемінде самғап, өрлей берсін! І Республикалық "Шабыт жұлдызы" жас орындаушылар конкурсындағы жеңісі үшін өте қуанышытымын! Марапаты құтты болсын! – деген жүрекжарды ақ тілегін арнады.

 

Кішкентай әнші Жасминді өнердегі жеңісімен біз де құттықтай отырып, шығар тауың биік болып, әркез үміт артқан ата-анаң, ұстаздарың мен еліңнің үмітін ақтап, мақтанышы бол, жұлдызың биіктен жарқырай берсін деген тілегімізді арнаймыз.

 

Суреттерді ұсынған Джантлеуова Альбина

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему