Маңғыстауда шаруаларға 3500 тонна шөп арзан бағаға сатылды
3 Мая 2022 (15:52) | 922 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысына өзге өңірден келген және оператор қорындағы 3500 тонна шөп арзан бағаға сатылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов хабарлады.
Спикердің айтуынша, бұл шаралар шаруаларға көмек көрсету мақсатында жасалған.
-3 500 тонна шөптің 1 орама бағасын 10 000 теңгеге және әр бір түктің бағасын 900-1200 теңгеге дейін жеңілдікпен сатылды, яғни яғни әр орамасына 5 000 теңгеге дейін үстемақысы төленіп, арзандатылып сатылды, ал бір түктің әр киллограмына қарай 20 теңгеге дейін үстемақысы төленіп арзандатылып сатылды. Бұдан бөлек мұнай компанияларының қолдауымен мал азығы құнын арзандату мақсатында, ағымдағы жылы барлығы 8 000 тоннадан астам жемді (кебекті) 50-75 теңгеден арзандатылған бағада сатылды (оның ішінде 3200 тоннасы – 75 теңгеден, 200 тоннасы – 65 теңгеден және 4 640 тоннасы – 50 теңгеден сатылды),-деді Қазбек Тәшімов.
Жалпы облысқа барлығы 80 272 тонна шөп және 58 588 тонна жем әкелінген. Сонымен қатар, өңірдің төрт түлік малын қыс мезгілінде жем-шөппен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі резервінен 663,8 млн. теңге қаражат бөлініп, төлемдер кезекке сәйкес төленуде. Бүгінгі таңда 276 шаруа қожалық және 1 650 жеке үй шаруашылығына 314,5 млн. теңге қаражатқа жуық көмек көрсетілді. Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.
Ал, егін шаруашылығына келетін болсақ, 2022 жылы көкөніс пен бақша дақылдарының егістік көлемін 1000 гектарға, оның ішінде 850 гектарға тамшылата суару жүйесін қолданып егу, сонымен бірге жабық топырақта (жылыжайларда) өсірілетін көкөніс дақылдарының көлемін арттыра отырып, 22 000 тонна өнім алу жоспарлануда.
Жылыжай бойынша – 2022 жылға жалпы көлемі 3 гектар құрайтын «Абдуллаева» «Ақтау-Азимут» ЖШС және «Асқаров Д» ЖК жылыжай кешенін іске асыру жоспарда бар. Жобалар іске асқан жағдайда барлығы жылына 400,0 тоннаға жуық, өнім алу күтілуде.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1,0 млрд теңге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, игерілген 859,1 млн.теңгегенің 519,7 млн теңгесі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 106 жобаға беріліп, сәйкесінше 106 жаңа жұмыс орны ашылды. Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему