Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дебат-сайыс өтті
13 Апреля 2018 (20:04) | 3688 | Автор: Нурганым Имашева
«Өткен аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Yessenov University» алаңында «Сыбайлас жемқорлық – теріс құқықтық және әлеуметтік құбылыс»атты тақырыпта дебат-сайыс өткізілді»,- деп хабарлайды Департаменттің баспасөз қызметі.
Сайысқа жоғары және кәсіби оқу орындары студенттерінің 20-ға жуық тобы қатысты. Іс-шараның ашылу салтанатында Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Байгебаев сайыстың мақсаты мен міндеттері, академиялық және студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы туралы айтып өтіп, Қазақстан Республикасының бетке ұстар азаматы тырысып, білім-ғылымды игеруге шақырды.
Белсенді сайыс нәтижесі бойынша әділ қазылар алқасы интеллектуалдық ойынның жеңімпаздарын анықтады.
Атап айтқанда, Оразымбетова Қалампыр мен Бальчикбаева Диана үшінші орын, Жүсіпқали Елікай мен Қасыбай Жадыра екінші орынды, бірінші жүлделі орынды Сейтжан Ақниет пен Шораева Айгерім иеленді.
Барлық жеңімпаздар грамоталар және құнды сыйлықтармен марапатталды.
Суреттерді ұсынған Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему