Шығармашылық әлеміне қанат қаққан балғындар алғашқы жетістіктерімен бөлісті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 21:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шығармашылық әлеміне қанат қаққан балғындар алғашқы жетістіктерімен бөлісті

4 Апреля 2018 (21:50) | 2083 | Автор: Нурганым Имашева

Осыдан небәрі 5 ай бұрын ашылған "Даму" медиа мектебі Наурыз мейрамына орай Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма- театрында алғашқы концертін өткізді.

 

 

Медиа мектеп - өскелең ұрпақты шешендік өнерге, актерлік шеберлікке, сахна тіліне, камера алдында жұмыс жасауға және вокал пәнінен дәріс алып, ән айтуға үйрететін шығармашылық және тәрбие ордасы.

 

Жақында ғана Даму медиа мектебінен 3 оқушы Египет елінің Хургада қаласында өткен "TV START WORLD"-2018 халықаралық фестивалінен түрлі жас ерекшелігімен 3 бірдей Бас жүлде (Гран-при) алып келді.

 

«Жас жүргізуші», «Жас тілші» номинацияларыбойынша елге жеңіспен оралғандар: “Даму Медиа мектебінің” тәрбиеленушілері -№13 мектеп гимназия оқушысы  Бағдат Келдібай, №11 мектеп оқушысы Жұлдызай Меңдібай, Мұнайлы ауданының мектеп оқушысы Мейіржан Бекежанов.

 

Халықаралық доданың әділқазылар алқасында медиа мектеп басшысы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Гүлнұр Жадрина  қазақ елінің атынан қатысты.

 

 

Фестивальге 15 елден 30-ға жуық бала қатысты. Ал, балалар өз өнерлерін көрсеткен концерт туралы айтар болсақ, алғашқы концерт Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылды. Концертке медиа мектептің барлық шәкірттері қатысты.

 

Салтанатты кеште Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлының атынан Даму медиа мектебінің ұжымы және халықаралық додада жеңіске жеткен 3 оқушы Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Балғындар әуелетіп ән салып, мың  бұралып би биледі, сондай-ақ 6 топ "Мақта қыз", "Маугли", "Үйшік" және т.б.6 спектакльден үзінді қойды.Зал көреремендерге лық толы болды. Спектакльден үзінді қойған 6 топтың ішінен ең үздік болып танылған 6 оқушыға кешке қатысқан қадірменді қонақтар сыйлықтар ұсынды.

 

 Кештің қадірлі қонақтары болғандар қатарында - кәсіпкер, меценат Ұлбосын Ахметова, Маңғыстау облыстық  мәслихатының депутаттары-Абзал Меңдібаев пен Аббат Үрісбаев, МО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Базаралиева,  "Нұр-шах" брендінің негізін қалаушы Нұржамал Нұрпейісова, танымал сынықшы Айнұр Асқарқызы, "Жас Батыр" спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов және т.б.болды.

 

Концерттің соңында балалар медиа мектептің гимнін айтып кешті аяқтады. Одан кейін салтанатты кеш «Жанұя» мейрамханасында жалғасты.

 

 

Балаларға арналған қызықты ойындар мен көңілді сайыстар ұйымдастырылып, медиа мектептің басшылығы атынан талантты балғындар арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, барша балақайлардың өнерге деген қызығушылығы, шығармашылыққа деген талпынысы зор екенін медиа мектеп басшысы Гүлнұр Жадрина  атап өтті.

 

Сонымен қатар басшы тарапынан медиа мектептің шәкірттерінің шығармашылық әлеуетін дамытып, балғындардың өнер әлеміне қанат қағуына зор құлшыныс сыйлап, ерен еңбек етіп жүрген педагог мамандардың біразы арнайы марапатқа ие болды.

 

Ата-аналар тарапынан да Гүлнұр ханымға зор алғыс білдіріліп, ризашылық айтқандар саны өте көп болды. Солардың бірі Жамалиев Саясат есімді баланың анасы Төлесінова Рахима Меңдіханқызы:

 

-«Даму» медиа мектебінің барлық мамандарына өте ризамын. Баламның жеткен жетістіктерін көріп қуанып тұрмын. Бүгінгі концерттеріңіз біздің көңілімізден шықты. Бұл кешке өте жақсы, тыңғылықты дайындық жүргенін білеміз. Менің балам барлық ұстаздарын мақтап айтып келеді үйге. Бәрін жақсы көреді. Осы мектепке зор қызығушылықпен барады. Балам ерте дамып жатыр, шығармашылық жағынан. Жақында ашылған вокал сыныбына барып жүр. Осы уақыттың ішінде көптеген жетістікке жетті.

 

Сіздерге, қадірлі ұстаздар, табыс тілеймін. Гүлнұр ханым бастаған ұжым сіздерге ризамын. Сіздер тәрбиелеген шәкірттеріңіз өздеріңізден озып, биік белестерді бағындырсын деп тілеймін.

 

Гүлнұр ханым, Сізге басымды иемін. Біздің балаларымыздың жеткен жетістіктері, бұл, әрине, бүкіл ұжымның  еңбегінің жемісі,-деген лебізін білдірді.

 

Шәкірттер қатарынан да алғыс білген балалар болды. Солардың бірі №13 мектеп-гимназиясының 8 А сынып оқушысы Бексайын Асыл:

Мен «Даму» медиа мектебіне 5 айдан бері қатысып жүрмін. Өзім болашақта прокурор болғым келеді. Сондықтан маған ораторлық өнер және тағы да басқа білімім терең болуы керек.

 

«Даму» медиа мектебі маған осы орайда көп көмектесті: камера алдында өзімді еркін ұстауға, шешендік өнерді игеріп, көп алдында қысылмай сөйлей білуге, өзімді сенімді ұстауға, ойымды дұрыс білдіруге үйретті.

 

 

«Даму» мектебі, ең бастысы, бізден журналист жасайды, ал журналисттің жұмысы - әр жағдайда  өз амалын, жолын табу, сол арқылы өз жұмысын табысты жасай білу,-деген ойымен бөліссе, Маңғыстау ауданы Шетпе кентінің  мектеп-гимназиясының 11 –ші сынып оқушысы Аслан Бағыланұлы:

 

-Мен 3 айдан бері осы «Даму» медиа мектебінде оқып жүрмін. Осы медиа мекепте жүріп мен өз-өзімді сахнада ұстауды, өнер көрсетуді, сөйлеуді, мәдениетті бәрін-бәрін осы мектептен үйрендім.

 

Ең алдыменосы мектептің директоры Гүлнұр Жұмағалиқызы Жадринаға зор алғысымды білдіремін, сонымен қатар ол кісінің көмекшісі Эльвира апайымызға да айтар алғысым шексіз. Сондай-ақ бізге ораторлық шеберліктен сабақ беретін Сағындық ағайымызға, актерлік шеберлігімізді қалыптастырушы Ғалия апайымыз бен Таңат ағайымызға да мың алғыс.

 

«Даму» медиа мектебі – шығармашыл жастардың мекені. Мұнда біз ұлттық салт-дәстүрімізге сай дүниелермен қатар, заманауи үлгідегі билерге үйренудеміз, ақындардың өлеңдерін оқимыз. Бұл мектепте оқыға  әрбір шәкірт үлкен белестерді бағындырады деген сенімдемін. Өзім осы білім ордасының атағын шығарып, келешекте биік шыңдарды бағындырып, үлкенжетістікке жеткім келеді.

 

Менің таңдап отырған болашақ мамандығым – тележурналистика. Келешекте телевизиялық бағдарламаларды жүргізетін майталман журналист болуды армандаймын. Өзіме алдыма осындай мақсат қойдым.

 

Осы мектептедәріс алғаннан бері менің атыма облыстық деңгейдегі шараларды өткізуге жүргізуші болу туралы көптеген ұсыныстар түсе бастады. Жақында гимнастикадан өткен республикалық  жарыстың жүргізушісі болдым.Мұның бәрі мен үшін биік белестерді бағындыруға деген талпыныс жолындағы қадамдарым болды. Мұның бәрі осы «Даму» медиа мектебінің арқасында,- дейді ұстаздарына деген зор ризашылықпен.

 

Шығармашылықтың шыңын бағындыруға ұмтылған жас өрендердің өздерінің тәлімгерлерімен бірге өнердің биігіне өрлеп, әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне шынайы тілектестігімізді біз де білдіреміз. Әрқашан жолдарыңыз ашық болып, баршаңызға сәттілік серік болғай!

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему