Маңғыстау облыстық сотында бірқатар заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 16:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотында бірқатар заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

24 Января 2018 (18:35) | 2247 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Семинарға азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев және қалалық, аудандық соттардың судьялары қатысты.

 

Шара барысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

 

 

Жиынды Нұрсапа Примашев ашып, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауында айтылған сот-құқық мәселелеріне кеңірек тоқталды.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда «Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет» деп атап көрсетті. Ендеше біз сот ісін жүргізуде ашықтықты қамтамасыз ете отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыра түсуіміз керек, - деді Н.Примашев.

 

 

Облыстық соттың судьясы Ғабит Бастаубаев кәсіпкерлік және инвестициялық әрекеттердің дамуына оң әсерін тигізуге бағытталған новеллалар мен өзгерістерге тоқталып, Маңғыстау облыстық соттарында 2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 1757 шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне қатысты істер қаралғанын айтты.

 

 

Семинарда Ақтау қаласы №2 сотының судьясы Мұхит Мұқашев БАҚ пен байланыс және ақпарат туралы заңдардағы өзгерістерді түсіндірді. Бұл Заңмен 6 кодекс пен 16 заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

 

Судья қатысушыларға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға, атап айтқанда ақпарат және байланыс бойынша өзгерістер енгізілген заңдарға қол қойғаны, ендігі жерде БАҚ пен әлеуметтік желілердегі әрбір пікірдің мазмұны қадағаланатыны, ашық түрде жасырын атпен біреудің ар-намысына тиіп, балағаттау жауапкершілікке әкеліп соғатыны туралы толық мәлімет берді.

 

Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Аида Аташева ҚР ӘҚБтК-не енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндап, заңды  күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы шешімдерге шағымдану, шағымдану тәртібі, әкімшілік мәселелерді қарау кезінде айыппұл салудың сот практикасы және олардың ерекшеліктері туралы жаңалықтарды назарға ұсынды.

 

 

Сондай-ақ семинарда азаматтық істер жөніндегі сот алқасында өзгертілген және бұзылған істер талқыланып, судьяларға іс-тәжірибелік көмек көрсетілді.

 

Жиын соңында Нұрсапа Примашев қатысушыларға баспадан жақында шыққан «Экология туралы заңнамаларды қолданудағы сот практикасы» атты жаңа кітапты таныстырды.

 

Бұл кітапқа 2017 жылы күзде Ақтау қаласында өткен экология тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысушылардың ғылыми-зерттеу және практикалық материалдар жинағы енгізілген.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему