Сәбиге көмек қолын созды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 06:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сәбиге көмек қолын созды

30 Марта 2018 (09:20) | 1938 | Автор: Нурганым Имашева

М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының концерт залында 2018 ылдың 28-наурызында аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың бастамасы бойынша жарияланған «Асар»  акциясына орай қайырымдылық концерті өтті.

 

 

Облыстық филармонияның өнер ұжымдары сырқат сәби - 28.02.2016 жылы туылған Жақып Эльмира Ернарқызының еміне қаражат жинау мақсатында бірауыздан атсалысып, тегін концерт беруге шешім қабылдап, игі іске құлшына кірісті.

 

Бұл жөнінде осы ізгілік шарасын ұйымдастырушы М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының концерт жүргізушісі және әнші Санатов Беркін Рахметоллаұлы:

 

-Бұл қайырымдылық шарасы облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың бастамасымен қолға алынған «Асар» қайырымдылық акциясының аясында, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармония ұжымының ұйымдастыруыменжүзеге асырылып отыр.

Облыстық филармонияның өнер ұжымдарының барлық өнерпаздары бірауыздан осы ізгі шараға қатысып, сәбидің еміне қаражат жинау үшін тегін концерт беруге шешім қабылдады.

Сырқат сәби -28.02.2016 жылы туылған Жақып Эльмира Ернарқызы туылғаннан күрделі сырқатқа шалдыққан, ата-анасы екі  жасқа жақында ғана толған қызын Украина мемлекетінде емдетуге апарып жүр.

 

Бүгінгі қайырымдылық концертінен түскен қаржы түгелімен осы Эльмира есімді қызымыздың еміне арналып, ата-анасына тапсырылатын болады.

Бұл баланың ата-анасы облыстық әкімдікке, көптеген ірі компанияларға, мемлекетитік мекемелерге өтініш хат жазып, қаржылай көмек сұраған екен.

Біздің мекемеге де келген өтініштердің арасынан комиссиямен осы сәбиді таңдап алып, бүгін қолымыздан келгенінше көмегімізді ұйымдастырып жатырмыз.

Бұл қайырымдылық кешіне атсалысып жатқан барша ізгі ниетті жандарға алғысымызды білдіреміз.

Қайырымдылық концертіне облыстық филармонияның 15-20 шақты әншісі қатысып, ән шырқайтын болады. Әрбір өнерпаз өз репертуарындағы 1-2 әнді орындау арқылы сәбиге көмегін ұсынбақ ниетте. Осы маусымда сахна төрінен орын алып, өз өнерін көрсете бастаған «Ақшағала» вокалды аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен концерт өткізгелі отырмыз,-деп мәлімдеді.

 

 

Концертке келген көрермен қауымның назарына сырқат сәби Эльмираның денсаулығына қатысты мәліметтер келтірілген қысқа бейнефильм ұсынылды.

 

Қайырымдылық кеште «Ақшағала» вокалды-аспаптық ансамблінің сүйемелдеуімен Маңғыстау өңіріне танымал әншілер-көптеген республикалық байқаулардың жүлдегерлері ағайынды Асқар және Асанәлі Көшеровтар, Аида Бәйгелова және Жоламан Көшкінов т.б. өнерпаздардар өнер көрсетті.

 

Кеш соңында концерттік кештің билеттері және қайырымды жандар ұсынған көмектің нәтижесінде жиналған ақша қаражаты сәбидің ата-анасына табысталды.

 

Қайырымдылық акциясының нәтижесінде Эльмираның еміне 628 мын 780 теңге қаржы жинақталды. Бір қуантарлығы – тек кешке қатысқан көрермендер ғана емес, сонымен қатар, Таушық кентінің ұстаздар ұжымы да бүлдіршіннің еміне көмек беруге ұмтылып, өздерінің жинаған қаржыларын беріп жіберген екен.

 

 

Эльмираның анасы Екібаева Гүлжиһан:

 

-Эльмира – менің тұңғыш сәбиім. Туғаннан басынан жарақат алып, осындай сырқаттармен туылды. Алла қаласа, сәуірдің 14-не Киев қаласына ем қабылдауға жолға шыққалы отырмыз.

Бұл – біздің Украина еліне үшінші сапарымыз. Екі рет осыған дейін ем қабылдадық. Емнің нәтижесін көріп жатырмыз.

Дәрігерлер емге 2000 доллар ақша қажет деді. Баламның бас сүйегі, миы өспей қалған, туғанда жыламай туған болатын, ем алғаннан бері жылап, дыбыс шығарып, өздігінен тамақ ішіп, беті бері қарай бастады, соған да шүкіршілік етіп отырмыз. Емнің шипасы болар деген зор үмітіміз бар.

Жол қаражатымызды көтерген жолдас-жораларымызға, бізге көмек қолын созып жатқан қайырымыды жандардың баршасына алғысымыз шексіз.

2017 жылдың тамыз айынан бастап Украина елінде Киев қаласындағы Берсенев атындағы клиникадан ем қабылдап жатырмыз. Бөбегіміздің қабылдаған емі шипалы болады деп сенеміз,- деген үмітімен бөлісті.                                                    

Сәбидің қабылдаған емі шипалы болғай, оған тілеулес барлық ізгі ниетті жандардың тілектері қабыл болып, ата-анасының үкілі үміті ақталып, Эльмираның сырқатынан сауығып кетуіне біз де тілек қосамыз.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему