Ұйымшыл ұжым Наурызды тойлады
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 13:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұйымшыл ұжым Наурызды тойлады

26 Марта 2018 (11:34) | 2077 | Автор: Нурганым Имашева

21 наурыз күні Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментіне қарасты ауызбіршілігі жарасқан барлық құрылымдар: басқарма, бөлімдер, қызметтері бірлесіп, бірауыздан ұйымшылдықпен Ұлыстың Ұлы күнін атап өтті.

 

 

23 шағынауданда орналасқан «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің ауласына үш бірдей ақшаңқан кең киіз үй тігіліп, түрлі ұлттық киімдер киген қызметкерлердің жайдары жүзі жайнап, әуелеген сазды әуен төгілген алаңда мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді. Әз Наурызды қарсы алуға ерекше дайындалғандары сырт көзге бірден сезілген төтеншеліктер бұл күнді керемет атап өтуге бел буғаны анық байқалды.

 

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінде ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Сырым Есболаев, ТЖ саласыныңАрдагерлер Кеңесінің төрағасы Сәбит Мұқанов және ТЖ ардагері Есмұқханов Айтмырза Жүсіпұлы, азаматтық қорғау қызметінің ардагері Николай Александрович Щукин т.б. мерекелік шараның құрметті қонағы болды.

 

 

Салтанатты кештің басында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің басшысы Қуанар Бекенұлы Базарбаев сала қызметкерлерін, барша мерекеге қатысушыларды Ұлыстың Ұлы күнімен қызу құттықтап, ізгі тілегін арнады. Кешті жүргізушілер мерекелік шарада ұйымдастырылатын ұлттық салт-дәстүр, қазақ халқының ұлттық тағамдары және киіз үй жабдықтары, ұлттық киімдер бойынша ТЖ саласының басқарма, қызметтері арасындағы сайыстың талаптарымен және байқауға төрелік ететін әділқазылар алқасының құрамымен таныстырды.

 

Үш киіз үйге кезекпен кірген қазылар алқасына ТЖ департаментінің әрбір құрылымы өздері дайындаған салт-дәстүр көрінісі мен ұлттық тағамдар туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, сайысқа тыңғылықты дайындалғандарын байқатты. ТЖ департаментінің басшысы Қ. Базарбаев жетекшілік еткен әділқазылар алқасы байқаудың талаптарына сай әрбір құрылымның жақсы дайындалғанын, белсенділігін атап өтіп, барлық қатысушылардың зор еңбегін ескеріп, марапаттау сәтінде арнайы дипломдар мен сыйлықтарды тең бөліп таратты.

 

 

Мерекеде сонымен қатар, өртсөндіру бөлімдерінің құтқарушы сарбаздары арқан тарту, гір тасын көтеру сияқты сайыстарда күштерін сынады. Аталған спорттық жарыстардың жеңімпаздарына да қазылар алқасы арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

 

Салтанатты шара барысында ТЖ саласының әрбір құрылымының қызметкерлері өздерінің өнерден де құралақан еместігін байқатты. Көздің жауын алардай әдемі ұлттық нақыштағы киім киіп, сахна төріне көтерілген қыздар мен жігіттердің бірі әуелетіп ән салса, енді бірі күмбірлетіп күй тартып, қыздар мың бұрала би билеп, мерекенің көркін қыздыра түсті.

 

 

Кеш барысында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің, Ақтау қалалық ТЖ Басқармасының, Суда құтқару қызметі, Апатты медицина Орталығы қызметерлерінің – ТЖ Департаментіне қарасты барлық құрылымдардың қызметкерлері де белсенділіктерімен көзге түсті.

 

Біртұтас үлкен ұжым өзінің ауызбіршілігінің мықты, ұлттық салт-дәстүрге берік, өнерді де спортты да қадірлейтін, өз қызметтік міндеттерін де адал атқаруға әркез дайын екендіктерін тағы бір дәлелдей алды.

 

 Бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті тірлікті паш еткен төтеншеліктердің мейрамды жоғары деңгейде тойлағанын көріп, тойға келген сала ардагерлері, зейнеткерлері, қонақтар да риза болып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

 

Cурет автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему