Маңғыстаулық болашақ тележүргізушілер Египеттен жеңіспен оралды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 04:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық болашақ тележүргізушілер Египеттен жеңіспен оралды

26 Марта 2018 (11:25) | 2405 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығында былтыр ғана ашылып, оң нәтиже көрсетіп жүрген “ДАМУ медиа мектебі” тағы бір белесті бағындырды.

 

 

Болашақ тележүргізушілерді сахна тіліне, актерлік шеберлікке, шешендік шеберлікке жəне вокалға дайындайтын білім ордасы халықаралық сайысқа 3 шəкіртімен қатысты.

 

«Даму Медиа мектебінің» директоры-ҚР журналистер одағының мүшесі, танымал тележурналист Гүлнұр Жадрина халықаралық сайыста қазақ елінен əділқазылар алқасында болды.

 

 

"TV START EGYPET 2018" сайысы Египеттің Хургада қаласында өтті. Оған  10 елден 30-ға жуық бала қатысты.

 

Номинация мен жас ерекшеліктеріне көп  мəн берілді.

 

 

"Жас жүргізуші" номинациясының бас жүлдесін, яғни Гран-придi үш оқушы 3 түрлі жас ерекшелігімен ұтып алды.

 

Елімізге жеңіс əкелген “Даму Медиа мектебінің” оқушылары - Бағдат Келдібай, Жұлдызай Меңдібай жəне Мейіржан Бекежанов.

 

 

Енді «Даму Медиа мектебі” өз жетістіктерін одан әрі шындайтын болады. Медиа мектеп өзінің алғашқы концертін 2 сәуір күні Н. Жантөрин  атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында өткізбек.

 

Жас таланттарды Халықаралық сайыстағы үлкен жеңістерімен редакция және аймақ тұрғындары атынан шын жүректен құттықтаймыз.

 

 

Алда алар асуларыңыз, бағындырар белестріңіз көп болсын! Қазақ елінің көк байрағын биіктен желбіретіп, ел абыройын асқақтата беруіңізге тілектеспіз!!! Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

 

 

Суреттерді ұсынған «Даму Медиа мектебі”

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему