Маңғыстаулық  полицейлер Конституция күнін салтанатты түрде атап өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 10:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық полицейлер Конституция күнін салтанатты түрде атап өтті

29 Августа 2020 (17:57) | 2805 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шара өтті.

 

 

Полиция бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Амангелді Халмұрадов ІІО жеке құрамын құттықтады.



«Маңғыстау облысы Полиция департаментінің барша ардагерлері мен  қызметкерлерін, сонымен қатар, олардың отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!


Қазақстан Республикасы Конституциясының маңыздылығы – ол алғаш рет адам және оның құқықтары мен бостандықтарын саяси жүйемен байланыстырды. Конституция қабылдағаннан берігі 25 жыл Қазақстанның құқықтық, зайырлы мемлекет ретінде тік тұрғанын көрсетті.
Сондықтан да біз Ата заңымызды ерекше қастерлейміз.


Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасмыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыздың жете бағалауымыз қажет. Сондықтан әрбір азамат конституциялық құқықтаын біліп, сол заңдады ұстануы қажет.
Қымбатт әріптестер!

 

«Тәуелсіздік жылдарында біздің Конституциямыз өзінің кемелділігін дәлелдеді. Еліміздің негізгі заңы бұрынғысынша егемен Қазақстан дамуының басты шарты болып қала береді. Конституция талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Сіздерді конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!»,- деп құттықтау сөзінен кейін А.Халмұрадов бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

 

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін мерекелеуге байланысты басшы құрамның арнаулы атақтары мерзімінен бұрын берілді.
"Полковник" атағына Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мэлис Алхамов, Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдар Қасанов, Маңғыстау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әлижан Мейірманов ие болды. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Ғалымжан Найзабековке "подполковник" атағы мерзімінен бұрын берілді.


Бұдан басқа, басшы құрамның атқаратын штаттық лауазымдары бойынша көзделгеннен бір саты жоғары арнаулы атақтары берілді.
Сондай-ақ, Департаменттің Ардагерлер кеңесінің мүшелері де құттықтау сөз сөйледі.


Олар өз кезегінде тәртіп сақшыларының қазіргі буынына қызметтік борышын абыроймен орындап, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды тіледі. Ардагерлер жас полицейлердің әрдайым Заңды есте сақтайтындығына сенім білдіріп, кез-келген қиын жағдайда көмектесуге дайын екендіктерін айтты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему