Қылмыстық іс жүргізу де цифрландырылуда
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қылмыстық іс жүргізу де цифрландырылуда

15 Марта 2018 (15:10) | 4118 | Автор: Нурганым Имашева

Тәуелсіз елдің әр жылы еліміз үшін тұрақтылық пен бейбітшілігімізді, өркениет пен жаңашылдыққа ұмтылысымызды нығайта түсуде. Соның ішінде сот билігінде орын алған ауқымды өзгерістер мен жаңашылдықтар  болашаққа деген бағыт-бағдарымызды айқындай түскені сөзсіз. Соңғы жылдары қазақстандық сот ісін жүргізу саласы кеңестік моделден біртіндеп бас тарта келіп, өзіндік жетілдірілген реформалармен толығуда.

 

 

Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларда сот төрелігінің жаңа моделін қалыптастыру міндеті қарастырылған болатын.

 

Соның ішінде қылмыстық іс жүргізудегі реформаларға тоқтала кетсек. Реформаның басты мақсаты азаматтардың құқықтарын қорғалу дәрежесін арттыру мен жазаны ізгілендіру. Яғни, қамау түрі қолданылмайтын негіз­дерді кеңейту. Әлемдік талапқа сәйкестендірілген бұл жаңалық кеңестік дәуірден қалыптасқан қылмыстық жазалаудағы қатаңдық принципін өзгертсе, халықаралық қауымдастықта заңның заманауилығымен қызу қолдауға ие болды. Қылмыстық реформаларды ізгілендіру қоғамда заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ең бастысы, қылмыстың көбеюінің алдын алуға жол ашады.

 

Ұлт жоспары 100 нақты қадамның «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты екінші бағытында жаңа технологияларды дендеп енгізу туралы айтылған болатын. Қазіргі заманда қоғамның кез келген саласын жаңа технологияны пайдаланбай жетілдіру мүмкін емес. Модернизация шеңберіндегі ең басты жаңалық – цифрландыру технологиясын дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан электрондық қылмыстық істер. Ол қылмыстық істің барлық кезеңін, яғни, қылмысты тіркеуден бастап, оны тергеу барысы мен үкімнің орындалуына дейін қамтиды.

 

 

Биылдан бастап шетелдік тәжірибе негізінде қылмыстық процеске бұйрық арқылы іс жүргізу институты енгізілді. Республика соттары қылмыстық істерді бұйрықтық негізде жүзеге асырудың тиімділігін аз уақыттың ішінде-ақ сезініп үлгеруде. Сот бұйрығы - өндіріп алушының жауапкерден ақша өндіріп алу, жылжымалы мүлікті талап ету туралы даусыз талапты өтініштері бойынша, сотпен тараптардың шақыруынсыз шығарылатын сот актісі.

 

Бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексіне жаңадан енгізілген 629-1 мен 629-8 баптар аралығында көзделген.

 

Үстіміздегі жылы екі айда (қаңтар-ақпан) бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібі бойынша Маңғыстау облысы соттарына 36 тұлғаға қатысты 36 іс түскен. Сотқа түскен істердің 32-сі мәні бойынша қаралып, айыптау үкімі шығарылып, 32 тұлғаның барлығы айыппұл салу жазасына тартылған. Соның ішінде Қарақия аудандық сотында 2 тұлғаға қатысты онша ауыр емес 2 іс қаралған.

 

 

Сотта қаралған істердің бәрі де заң талабына сай әрі үш тәулік мерзімде қаралған. Алайда қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде сот тәжірибесінен заңдарды қолдану аясында бірқатар сұрақтар да туындайды. Мысалы, қылмыстық теріс қылық жасауға баратын азаматтардың көпшілігі жұмыссыз не айлық жалақысы аз болғандықтан, оларға салынатын ең төменгі айыппұл сомасы, яғни, 25 АЕК (60125 теңге) төлеу қиындық тудырады. Сондықтан, бұл жаңалық әлі де тәжірибеде кездескен ерекшеліктерге сай жетілдіре түсуді қажет етеді. Жалпы бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қылмыстық істерді қарау, судьялардың істі жылдам қарап, заңды шешім шығаруына септігін тигізуде.

 

Қылмыстық істі цифрландыру - дәлелдемелерді жинақтау рәсімін оңайлатуға, процессуалдық құжаттарды құрастыруға, сот органдарының материалдық шығындары мен жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

 

Бауыржан Шайдуллин,

Қарақия аудандық сотының төрағасы

 

Суреттер kaz. tengri.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему