Қоғам дертінің алдын алуға ұмтылыс
12 Марта 2018 (18:59) | 1666 |
Автор: Нурганым Имашева
Облысымыздың білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» атты республикалық акция өтіп жатыр.
Аталған акция шеңберіне өңіріміздің 134 орта білім беру ұйымдары, 24 колледж және 2 жоғары оқу орны қатысты.
Іс-шарада 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша және мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ саясаттың маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы өзекті мәселелер түсіндірілді.
Республикалық бірыңғай сабақ шеңбері «НАРХОЗ» университетінің бастамасымен еліміздің барлық жоғары оку орындары басшылығының қолдауын тапты.
Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген: Департаменттің баспасөз қызметі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему