Полиция қатарындағы ревизор ару
8 Марта 2018 (19:46) | 3395 | Автор: Нурганым Имашева
Сіздерді шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз халықаралық аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау жарқын мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, кемел табыстар тілеймін! Әрқашанда күлімдеген күндей нұрланып, шаттық бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер!
Сапарбекова Зина Дәуірқызы қыз-келіншектерге, аналарға мерекелік ақжарма тілегін осылайша арнады.
Маңғыстау облысының полиция саласында 500-ден астам нәзік жанды қызмет етеді. Солардың бірі-Зина Сапарбекова. 2010 жылдан бастап Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің Бақылау-ревизия тобының ревизоры болып полиция капитаны Зина Дәуірқызы абыроймен қызмет атқарып келеді.
Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті бақылау - ревизия тобы болып, өз алдына 2010 жылдан бастап бөлінді. Бұған дейін Ішкі істер департаментінің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының қарауында болған.
2013 жылдың 29 желтоқсан айынан бастап ІІД бастығының бұйрығымен штаттық өзгерістерге байланысты топ Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің Ішкі бақылау тобы болып өзгертіліп, полиция шені алынып тасталды.
2016 жылдың 18 наурыз айында ІІД бастығының бұйрығымен топтың атауы Ішкі істер департаментінің Ішкі аудит тобы болып өзгертілді. Қазіргі таңда Ішкі істер департаментінің Ішкі аудит тобының жетекші маманы болып Сапарбекова Зина Дәуірқызы жұмыс жасайды.
Топ Маңғыстау облысы бойынша Ішкі істер департаментінің бөліністеріне ішкі аудит жүргізуді жүзеге асырады.
Топ Республикалық, жергілікті бюджеттерден және өзге де ақшалай қаражаттардан Маңғыстау облысы бойынша Ішкі істер департаментіне бөлінген бюдеттік қаражаттардың және активтердің тиімді және негізгі пайдалануына, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының сақтауына ішкі аудит жүргізеді.
ІІД бөліністерінде және бағынысты ведомстволық ұйымдарда басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалау, оны жақсарту бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысына Ішкі аудит тобы аудит объектілерінде анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою және одан әрі жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыным береді.
Ішкі аудит жүргізуге байланысты хаттарды, шағымдар мен өтініштерді және топтың құзыретіне кіретін басқа мәселелерді қарайды.
Қызметтік тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының жолын кесу және ескерту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
-Жалпы, осы топ құрылғалы Ішкі істер департаментіне және бағынысты бөліністерге бөлінген ақша қаражатының есебінің шынайлығына аудит жүргізген аралықта кемшіліктер анықталып жатады. Аталған кемшіліктер бойынша топ атынан бақылау объектілерінде анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жолданады. Осы ұсыныс бойынша бюджетке өтеуге жататын ақша қаражаттарын қайта бюджетке қайтарып, қалпына келтірілетін кемшіліктер бойынша шаралар қабылданады.
Осы атқарылған іс-шаралар бойынша ІІД бастығына баяндама жасалып, тоқсан сайын Қазақстан республикасы ІІМ Ішкі аудит департаментіне есеп тапсырылады.
Қазіргі таңда баяғыдай емес бюджеттен бөлінген ақша қаражаттың тиімді әрі мақсатқа сай пайдалануына аса ерекше мән берілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер тізіміне және әңгімелесулерді өткізу кестесін қалыптастыру үшін Ұлттық комиссияның жұмыс органына өтінішпен жүгінуді жоспарлап отыр.
Зина Дәуірқызы отбасында екі бала тәрбиелеп отырған ардақты ана. Алдағы уақытта да полиция саласындағы еңбек жолын жалғастырып, отбасы мен қызметін қатар алып жүру оның басты мақсаты, - делінгенМаңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен келіп түскен ақпаратта.
Суретті ұсынған Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему