Жас дзюдошылар Ереванда төрт қоланы еншіледі
17 Октября 2017 (10:29) | 2757 | Автор: Нурганым Имашева
Арменияның астанасы-Ереван қаласында дзюдодан халықаралық турнир тәмамдалып, жеңімпаздар анықталды. 21-ші рет ұйымдастырылған жарысқа Қазақстан, Армения, Грузия, Иран, Ресей мемлекеттерінен 500-ден астам балуан қатысты.
13-15 қазан аралығында өткен жарыстан маңғыстаулық балуандар, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 66 келі салмақта Нұрбек Қуанышұлы, Жасұлан Асанов, 81 келі салмақта Салауат Тоқсанов, +81 келі салмақта Мұхамбет Зұлхарнаев жарыстың жүлдегері атанып, қола медальды жеңіп алды.
-Жарыс 2000-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті. 2000-2002 жылы туған балуандар арасында Нұрбек, Салауат, Мұхамбет қоланы және 2003-2005 жылғылар арасында Жасұлан да үшінші орынға тұрақтады. Аталмыш жарысқа Маңғыстау облысынан тоғыз спортшы қатысты,-дейді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему