Ұлық мейрам – Құрбан айт мерекесі атап өткізілді
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 01:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлық мейрам – Құрбан айт мерекесі атап өткізілді

26 Августа 2018 (10:54) | 2041 | Автор: Нурганым Имашева

Мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі - Құрбан айт мейрамы елімізде күні кеше атап өтілді. Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын хижра - мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады.

 

 

Құрбан - араб тілінде «жақындау», яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу дегенді білдіреді.

 

«Түрме» деген сөзді естігенде небір адамның жаны түршігетіні рас. Бірақ ешкім де «темір торға қамалайыншы» деп қылмыс жасамайтындығы анық. Алайда бас бостандығынан айырылып жатқандар және аз емес.Сондай түрмелердің бірі, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖК ГМ-172/10 мекемесінде, барша мұсылмандардың сағына күтетін мейрамына айналған Құрбан айт мерекесі атап өткізілді.

 

Тергеу абақтысында негізінен сотталушылар, күдіктілер, жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыс жасағаны үшін алғаш рет сотты болып, бес жылға дейін жаза мерзіміне кесілгендер, түзеу мекемесіне жаза өтеуге кететін уақытын күтіп жатқандар мен тергеу абақтысында шаруашылық жұмыстарын істеуге қалдырылған тұлғалар отыр.

 

Айтулы мерекенің ең алғашқы күнін облыстық «Бекет-Ата» мешітінде айт намазы оқылғаннан кейін, мекеме әкімшілігі 2 қойды құрбандыққа шалу рәсімімен бастады. Шаруашылық жасағындағы сотталғандармен арнайы дайындалған дәмдер, бауырсақ, шұбат, палау барлық қамаудағы тұлғаларға таратылды.

 

Темір тордың ар жағында отырып бостандықтағы өмірін елес сияқты көретін қамаудағылар үшін бұл мейрам көңіліндеріне жақсы өмірге деген жарқын үміт отын жаққан әсер берді. Жалпы ислам дініндегі мейрамдардың барлығы мұсылман қауымын ғана емес, сонымен бірге адамзаттың дүйім жұртын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақыратыны белгілі. Олай болса, тұтқындағылар да бірі-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-біріңнің көңіл-күйін көтерді.

 

Ұлық мейрамды ресми, мемлекеттік деңгейде атап өтуге қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана мүмкін болды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы желтоқсанның 30-ында қол қойған, «Еңбек туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады. Бұл үшін иісі мұсылман барша қазақстандық Алла Тағалаға мың мадақ етіп, оған мұрындық болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа білдірер алғысы шексіз.

 

Бұл күндері халқының жетпіс пайызын Ислам дінін ұстанушылар құрайтын Қазақстан, ынтымақ-бірлігімен, достығымен әлем жұртшылығының назарын өзіне аудартып, өзге дін, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарайды.  Сондықтан, татулықты, адамдардың бірлігі мен бауырластықты күшейтуге үндейтін мұндай діни мерекелер ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастары жарасқан Қазақстан халқының ауызбірлігін одан бетер бекемдете түсетініне сенімдіміз.

 

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла Тағала қабыл етсін.

Ұлық мереке мүбарак болып, әр отбасына бақыт, береке қонсын!

 

ГМ-172/10 мекеме басшысы әділет подполковнигі Есбол Есіркепұлы Джигитов

 

Суретті ұсынғанГМ-172/10 мекемесінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему