Ғибратты басқосу
25 Февраля 2018 (18:34) | 2622 |
Автор: Нурганым Имашева
Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің акт залында бөлімшенің өрт сөндіруші-құтқарушыларының жеке құрамымен өрт сөндіру бөлімдері ардагерлерінің кездесуі өтті.
Жас қызметкерлермен кездесуге Жаңаөзен қаласы ТЖ органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сырым Есболайұлы Есболаев келген болатын. Өз кезегінде Сырым Есболайұлы өрт сөндіру бөлімінде қызмет етіп, Жаңаөзен қаласында өрт сөндірущі-құтқару исаласының дамуына зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы жауапты лауазымды атқарды, Жаңаөзен қаласы № 7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы және Маңғыстау облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы болып қызмет етті.
Ардагер өрт сөндіру бөліміндегі қызметі туралы өзінің естеліктерімен бөлісті, ол аталған салада 24 жылдан астам уақыт қызмет атқарған болатын.
Кездесудің соңында ардагер жас құтқарушыларға Отанға адал қызмет етуге, өзінің өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын бағалай білуге, қадір тұтуға шақырды.
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Суреттерді түсірген «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы»
Зарегистрируйтесь или войдите в систему