Әр отбасыға 70 қап цементтің сертификаты берілді
30 Декабря 2016 (17:35) | 2155 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда кішкентай балалардан бастап қарттарға дейін қамтыған қайырымдылық шыршасы өтті.
Қалалық мәдениет үйінде өткен шараға 350 мейман шақырылған. Оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері, кемтар балғындар мен аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ қарттар үйінің тұрғындары да бар.
Түрлі байқаулар мен сый-сыяпат баршаға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Олардың бәрі де құр қол қалған жоқ. Тұрмыстық заттар мен киімдер үлестірілді. Қарттар үйіне камин мен торт, бейімдеу орталығына аквариум табыс етілді. Ал интернатқа жиһаз бұйырды. Үй саламыз деген көпбалалы әрбір отбасыға 70 қап цементтің сертификаты берілді.
Иман Досмұхамбетов, қайырымдылық қорының директоры:
- Әр бала Жаңа жыл мейрамын үмітпен қарсы алады, жақсы тілектер күтеді. Мен олардың армандары орындалсын деп тілеймін. Негізгі меймандарымыз – балалар үйінің тәрбиеленушілері. Сәбилер ата-әжелердің ықыласын сезінсін деп қарттар үйінен де қонақтар шақырдық.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему