Қауіптен сақтандыру шарасы ұйымдастырылды
6 Февраля 2018 (20:01) | 1787 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Адамдар көп шоғырланатын объектіде өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау» тақырыбында оқу-жаттығуларын өткізіп, үгіт -насихат жұмыстарын жүргізді.
Елімізде жыл сайын 500 - ден аса өрт жағдайлары адамдар көп шоғырланатын объектілерде болады.
Осындай қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Ж.Айнабек Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенттеріне және оқытушы құрамға өрт- тактикалық оқу жаттығуын өткізді.
Өрт-тактикалық оқу жаттығуын өткізудің мақсаты - студенттерге адамдар көп шоғырланатын объектілерде өрт шыққан жағдайда не істеу керек, қауіпсіз жерге қалай шығу қажет екенін түсіндіріп, өз-өзін құтқару іс-әрекеттерін үйрету болатын.
Сонымен қатар кез келген үй-жайға кіргенде қосымша және авариялық шығу жолдарына көніл бөлу, ойша оларға қарап өту керек екендігі түсіндіріліп, ғимараттан шығарда жақын жерде орналасқан эвакуациялық жолмен шығуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Арнайы іс-шара, оқу жаттығуына 1-4 курс студенттері мен оқытушылар құрамы - барлығы 500-ге жуық адам қатысты.
Оқу-жаттығу барысында ғимарат алдына өрт техникасы қойылып, студенттерді өрт сөндіру техникасымен таныстыру жүргізілді.
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері студенттерге үй-жайдағы зиянды жану өнімдері адамның бойына көп мөлшерде жиналатыны туралы, сонымен қатар түтіннің әсерінен адамның улануы қауіптілігі жайында және түтінге қарсы қандай іс-әрекеттер жасау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сол сияқты қосымша ақпарат ретінде өрттің шығу себептері туралы анықтамалар берді.
Өрттің негізгі шығу себептері болып табылатындар: біріншіден, отты абайсызда қолдану; екіншіден, үй жағдайындағы тұрмыстық электр және газ қолдану құрылғыларын пайдаланғанда өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы; үшіншіден, тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуы мен балалардың отпен ойнауы.
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Жасұлан Айнабек
Суреттерді түсірген Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему