Терапевт пен педиатрлар бөлінді
12 Марта 2017 (17:33) | 2503 |
Автор: Мира Ботабекова
«Бұған дейін балалар мен ерексектерді бір дәрігер маман ғана қабылдаған болатын. Медицина саласындағы бұл тәжірибе қарапайым халық үшін қолайсыз болды. Ұзын сонар кезек, уақыт тапшы, емхана іші айқай-шуға толды. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне дейін жетіп, наурыз айынан бастап терапевт пен педиатрлар бөлек қабылдай бастады. Осылайша, көптен бергі көптің тілегі орындалды»,-деп хабарлайды «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы.
Балалар емханасы 15 жасқа дейінгілерді қабылдайды. Емханада 20 педиатр бар, олардың әр қайсысына 500 баладан жүктелген.
Сондай-ақ, емханада дені сау балалар кабинеті бар. Бұл кабинетте 5 жасқа дейінгі балалар ғана қаралады. Мұнда жас аналарға баланы қалай дұрыс тамақтандыру керек, қалай шынықтыру керек, ауырғанда қалай күту керектігі жөнінде мейірбике мағұлмат береді.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему