«Каспий» ӘКК: жеті жоба іске асырылуда
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 23:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Каспий» ӘКК: жеті жоба іске асырылуда

4 Февраля 2018 (18:23) | 1534 | Автор: Нурганым Имашева

Қазіргі уақытта «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы еншілес компаниялар активтерінің негізінде 4 жобаның 7 инвестициялық жобасын іске асыру бойынша жұмыстануда. Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте белгілі болды.

 

 

Кейбір инвестициялық жобалар агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытуға бағытталған, олар: жылына 90 тонна балық еті және 2 тонна уылдырық өнімділігі бар бекіре тұқымдас балық кешені құрылысы, Маңғыстау облысындағы түйелердің генофондысын жетілдіру мақсатында «Аруана» тұқымдарының түйелерін өсіру, сыйымдылығы 5000 тонна көкөніс қоймасы бар көтерме сауда орталықтарын салу, жылына 235 тонна шампиньондарды өсіру кешенін салу.

 

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі Шетпе кентінде қуаты 12 МВт күн электр станциясын салу сияқты жобалар тағы бар. Сонымен қатар, өңірдің мұнай компанияларына импортты алмастыру мақсатында жылына 7 100 тонналық мұнай-химиялық реагенттерді өндіру (құрастыру) жобасы жасалуда. Бұл жоба аяқталған соң, индустриалды аймақтың аумағында жүзеге асырылады деп күтілуде. Барлығы 7 жоба 170-тен астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек.

 

 

Республикалық бюджеттен қаржыландырудың нәтижесінде Қарақия және Мұнайлы аудандарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Каспий тұзсыздандыру зауыты» ЖШС жаңғыртылып, қайта іске қосылған. Зауыттың белгіленген өндірістік қуаты бүгінгі күні 30 000 м3 құрайды.

 

Аймақтың кейбір аудандарында ауыз сумен қамтамасыз ету жобасына қосымша, Маңғыстау облысында 2017 жылдың жазы өте құрғақ болуының салдарынан жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің малға беретін азығы болмады.

 

 

Облыс әкімдігінің қолдауының арқасында «Каспий» ӘКК шұғыл түрде астық қоспалары мен кебекті қолжетімді бағамен сатып алуды қолға алған. Бүгінгі күні кәсіпкерлік корпорациясы сол тіркелген бағамен: 1 келі кебек үшін 28,35 теңге және астық қоспасын 42 теңгеге сатып, жергілікті шаруа қожалықтарын барынша қолдауды жалғастырып келеді.

 

Қазіргі уақытта, Бейнеу астық терминалында шамамен 240 тонна астық қоспасы және шамамен 150 тонна кебек орналастырылған.

 

Сонымен қатар, «Каспий» ӘКК қарасты Ақтау қаласының 33 шағын ауданында орналасқан «Аққу» (1-кезек) ұзақ мерзімді құрылыс жобасы да сөз болды.

 

 

Нәтижесінде белгілі болғандай, қазіргі уақытта ӘКК мердігерлермен және жергілікті билік өкілдерімен бірге бюджеттік қаражат есебінен де, келісімшарттық құралдар арқылы да үйлердің құрылысын аяқтау үстінде. Алдымен инженерлік желілерді қосу жұмыстарына баса назар аударылып отыр. Жұмыстар барлық құрылыс нормаларына сәйкес жүзеге асырылуда және 2018 жылдың бірінші тоқсанында аяқталған 300 пәтер пайдалануға берілетін болады.

 

Қорыта айтқанда, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту мен бизнестегі әкімшілік кедергілерді азайту жолында жедел әрі жүйелі шаралар уақтылы қабылданғаны, жергілікті жерлерде орта және шағын кәсіпкерліктің кеңінен қанат жаюына жағдай жасап қана қоймай, халықты жұмыспен қамтуда өзінің оң нәтижесін беріп отыр.   

 

Дайындаған Кәмшат Ізбасарова,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему