Құрманғазы бабаның күйлері күмбірлеген кеш
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 07:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құрманғазы бабаның күйлері күмбірлеген кеш

30 Января 2018 (11:10) | 3390 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған  «Күй атасы - Құрманғазы» атты тамаша күй кеші өтті.

 

 

Концертте Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрі (Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры ҚР  Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі  Рахат Бекболұлы Мадреев) өнер көрсетіп, ұлы бабаның күйлерінен көрермендерге арнап шашу шашты.

 

Күй кешін ұйымдастырудағы мақсат туралы ойымен бөліскен М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Таңатарұлы Базарбаев:

 

-Көрермендерге Күй атасы – Құрманғазының күйлерін ұсына отырып, өнерді бағалауға, қастерлеуге тәрбиелеумен қатар, қазақ халқының ұлттық аспаптарымен, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің өнерпаздар ұжымымен таныстыруды көздедік.

 

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған бұл өнер кешінде халыққа Құрманғазының асқақ күйлерінен сусындау мүмкіндігін ұсынамыз.

 

Ұлы бабаның өнер туындылары неше ғасыр халқымыздың рухани байлығына айналып, қаншама ұрпақты тәрбиелеудің құралына айналды. Құрманғазының күйлері өзінің асақақ рухымен қазақ даласын сан жылдар тербетіп келеді. Баба күйлері – ұлттық мәдениетіміздің баға жатпес байлығы,-деп мәлімдеді.

 

 

Өнерге сусаған халық концерт залына лық толды. Кеште Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерінің тек атаулары ғана аталып қоймай, сондай-ақ әрбір күйдің шығу тарихына шолу жасалып, көрермендерге қызықты мағұлматтар ұсынылды.

 

Өзіндік ерекшелігімен тыңдағанның құлағының құрышын қандырып, мерейін өсіретін ұлы баба күйлерін сүйіп тыңдайтын өз халқымызбен қатар, тек қазақтың маңдайына ғана біткен осынау биік өнер туындысын – күйді тыңдау өзге ұлт өкілдеріне де ұнайтынын аракідік көріп-біліп жүргеніміз бар.

 

 

Аталмыш кеште Ақтау қаласында тұрып, еңбектеніп жатқан шетелдік азаматтар, Франция елінің өкілдері де концертке келіп, көмейінен күй төгілген қазақтың қара домбырасының құдіретіне тәнті болды. Құрманғазы бабамыздың асқақ күйлерін тыңдап, қазақ халқының өнерін, мәдениетін танып, халық өнерінің асқақ туындылары туғызған көңіл-күйлерін білдіріп,  өз таңданыстарын жасырмады.

 

Кешті тамашалауға келген көрермен алдында күй  орындаған М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Таңатарұлы Базарбаевтың орындаушылық шеберлігі күй сүйер қауымды тәнті етті.

 

Күй атасының өршіл күйлерінен сусындаған халық өнер кешінен көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

 

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық филармониясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему