Маңғыстаулық самбошылар ел біріншілігінен олжалы оралды
29 Января 2018 (19:13) | 2681 | Автор: Нурганым Имашева
Тараз қаласында самбо күресінен 2000-2001жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионатыөтіп, жеңімпаздар анықталды.
Байрақты бәсекеден маңғыстаулық балуан, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті 87 келі салмақта Мұханбет Зұлхайнаров чемпион атанып, алтынның иесі атанды.
Сондай-ақ, 40 келі салмакта Айгерім Ретбаева күмісті еншілесе, 44 келі салмақта Айгерім Еламанова мен 52 келі салмақта Дәурен Төлегенов қола медальді қанағат тұтты.
-Жалпы жарысқа еліміздің барлық аймағынан 400 балуан қатысып, бақтарын сынады.
Маңғыстаулық спортшыларды Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков дайындаса, облыстың қыздарын мен және Айбек Бисекенов дайындадық.
Жарысқа 4 қызды апардым, оның екеуі жүлделі орыннан көрініп, үмітімізді ақтады. Жарыста жеңімпаз атанғандар биыл өтетін Азия мен Әлем чемпионаттарына қатыса алады.
Бұл жолы шәкіртім Айгерім Ретбаева алматылық, талдықорғандық, павлодарлық, қостанайлық балуан қыздарды айқын басымдылықпен жеңіп, финалда семейлік қызға есесін жіберді.
Ал, Айгерім Еламанова болса шығысқазақстандық, алматылық, атыраулық, тараздық балуандарды жеңіп шығып, шешуші сәтте алматылық балуаннан жеңіліс тапты.
Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық әкімдігіне, облыстық спорт басқармасына және мектеп басшылығына алғыс айтамыз,-дейді облыстың самбодан қыздар командасының бас бапкері Нұржан Айдынғалиев.
Суреттерді түсіргеноблыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему