Шыршаны орнату кезіндегі сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 23:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шыршаны орнату кезіндегі сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері

21 Декабря 2017 (23:14) | 4995 | Автор: Нурганым Имашева

Жаңа жыл мерекесін тойлауға аз ғана уақыт қалды. Көптеген мектептерде, балабақшаларда, мәдениет үйлерінде және басқа да мекемелерде залды безендіру және шыршаны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Өкінішке орай, мереке жүргізушілері мен жауапты тұлғалар өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтап жүрмейді. Жаңа жыл шыршасы мерекесін жүргізуде және оны құруда, өрт қауіпсіздік талаптарының сақталуы өте қажет.

 

Шырша берік және мықты орнатылуы керек. Шыршаны әрлі-берлі өтетін жерде немесе шыға берісте орнатпау керек. Қабырғамен шыршаның және төбе мен шыршаның арасы жарты метр болу қажет.

 

Мекеменің баспалдақ торларынан немесе сыртқы шыға берістен, екі эвакуациялық шығу жолдары болуы тиіс, сонымен бірге өртке қарсы құралдарымен қамтамасыз етулі қажет.

 

Шыршаны безендіру барысында, тез жанатын целлуоиданы, мақтаны, қағаздарды және тағы да басқа тез жанатын заттарды қолдануға тыйым салынады.

 

Шыршаның иллюминациясын рәсімдеуді өте тәжірибелі электрмонтер орнату керек. Шыршаның иллюминациясының түсіруші трансформатор арқылы жоғары кернеулі тоқтың төмендеу жағымен 24 В-тан жоғары емес орнату қажет.

 

Шырша – электр құрылу орнатуының ережесіне сай, мықты монтаждалып құрылуы тиіс. Бенгальдық оттармен, пиротехникалық оттармен, шартылдақ және басқада химиялық заттармен жарық әсер туғызуға тыйым салынады.

 

Мерекеге қатысып отырған көпшіліктің бір адамына 0,75 шаршы метр есептеледі. Адамдардың саны ережеге  сай болу керек, өйткені адамның көп болуы өте қауіпті.

 

Мерекелік шыршаны өткізу персоналы (олар жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын біліп және өрт оқиғасы болып қалған жағдайда өрт  күзетін шақыру ережесін білулері қажет) міндетті түрде өртке қарсы нұсқаулықпен танысуы қажет. Мереке аяқталғаннан  кейін  міндетті түрде бөлмені тексеру керек.

 

Сондай – ақ пиротехникалық құралдар туралы арнайы біршама түсіндіру жасау керек. Шартылдақтар мен петардалардың міндетті түрде сертификаты болу керек.

 

Сапасыз сатылған тауарлар тек сатып алушыларға ғана емес, сонымен қатар, сатушыларға да қауіпті әсерін тигізеді.

 

 Ақтау қаласының дүкендерінде сапасыз сатылған тауарлардан өрт оқиғалары болған.

 

Алдағы уақытта адамдарға қауіп төнер жағдай туғызбау үшін және қайғылы оқиғаларды  болдырмау үшін Ақтау қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірге сапасыз тауарларды сату орындарында рейд жұмыстарын жүргізеді.

 

Сапасыз тауарларды сатқан кінәлі тұлғалар айыппұл түрімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының

аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Нұрсұлтан Абдираш

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему