Маңғыстаулық самбошы Рязаньда топ жарды
20 Декабря 2017 (20:26) | 1909 | Автор: Нурганым Имашева
Ресей мемлекетінің Рязань қаласында 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында самбо күресінен өткен халықаралық турнирде облыстық «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті, 56 келі салмақта Дәурен Төлегенов қола медальды ұтып алды. Қуанышты жаңалықпен белгілі бапкер Берік Жұмағалиев бөлісті.
-Жарыс 15-16 желтоқсан күндері Рязань қаласында өтті. Додаға 140 балуан қатысқан болатын, олардың арасынан шәкіртім Дәурен Төлегеновке бұйырғаны қола медаль болды.
Жарыстан бөлек спортшыларымыз 2018 жылы өтетін халықаралық, республикалық турнирлерде топ жарып, жақсы жетістікке қол жеткізуі үшін Ресей құрама командасымен біріккен оқу-жаттығу жиынына қатысып, шеберліктерін шыңдады.
Жалпы алғанда, соңғы жылдары облыста самбо күресі қарқынды дамып келеді. Балуандарымыз Азия, Әлем чемпионаттарында топ жарып, аймақ абыройын асқақтатып жүр.
2016-2017 жылдар аралығында шәкірттеріміз Нұрбек Қуанышұлы, Нұркен Домбаев, Рамазан Мамаев, Айболат Мұратұлы, Руслан Сариев-Жазғы балалар ойындарында, Азия чемпионатында, Әлем кубогында, Әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп, үмітімізді ақтап, мерейімізді өсірді.
Мұның барлығы, әрине, бапкерлер еңбегінің жемісі және облыстық әкімдік пен облыстық спорт басқармасының қолдауының, сонымен қатар спортшыларымыздың да аянбай төккен терінің нәтижесі деп білеміз,-дейді ҚР еңбек сіңірген бапкері Берік Жұмағалиев.
Суретті ұсынған облыстық «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему