Ақтау зауыты битумды инновациялық тәсілмен тасымалдауға көшті
21 Апреля 2017 (13:10) | 1945 | Автор: Мира Ботабекова
«Ақтау битум» зауыты өзі шығаратын өнімін инновациялық тәсілмен тасымалдауға көшті. Ендігі жерде отандық тауар тапсырыс берушіге Қазақстанда жасалған полиэтилен қапшықтармен жеткізіледі. Оларға құйылған жол битумы ұзақ мерзімге жылуы мен сапасын жоймайды. Сәйкесінше, жол салушы компаниялардың зауытта дайын битумды сақтауға төлейтін шығынын азайтады. Жеткізілген бойда төсеуге жарамды битумға сұраныс та жоғары. Жаңа өнім Маңғыстау өңірін кесіп өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жаһандық көлік дәлізі мен республикалық маңыздағы жолдар құрылысында қолданылып жатыр.
Константин Дробышев, зауыт басшысының орынбасары:
- «Биг-бэг» қапшықтарына құйылатын битумның қызуы 140 градус. Мұндай температураға шыдас беретін полиэтилен қапшық жол құрылыс материалының химиялық құрамын сақтайды. Кәсіпкерлер үшін басты тиімділігі - сұйық битумды сақтау және жеткізуге кететін шығынды үнемдеуінде.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему