«Caspi Bitum» зауыты 230 мың тонна битум өндірді
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 03:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Caspi Bitum» зауыты 230 мың тонна битум өндірді

4 Декабря 2017 (09:30) | 1523 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл жайында Ақтау қаласында алғаш рет Қазақстан Республикасының битум өндірушілерінің конференциясында айтылды. Конференцияға жол битум өндіретін компаниялар, жол битум тұтынушылары, жол құрылыс компаниялары және мүдделі мемлекеттік органдарының, атап айтқанда, ҚР Энергетика Министірлігі мен ҚР Инвестициялар және Даму Министрлігінің өкілдері катысты.

 

 

-Ақтау битум зауыты 2013 жылы Мемлекет басшысы Н. Әбішұлының бастамасымен 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі-индустриальды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған болатын.  Бастапқы кезде зауыт 50-60 мың тонна өнім шығарса, биыл жыл басынан бері 230 мың тонна жол битумдарын өндіру деңгейіне жетті.

 

 

Ақтау зауытының битумы барлық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттар (СТ ҚР 1373-2013) талабынан жоғары және ең үздік халықаралық үлгілерге сәйкес екенін ерекше атап өткім келеді. Бүгінгі таңда зауыт өнімдері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік трассалары, «Шымкент - Қызылорда», «Астана - Павлодар», «Астана - Теміртау», «Атырау - Ақтау» секілді республикалық маңызы бар көлік жолдарына төсеу үшін кеңінен пайдаланылады,-деді конференцияға қатысқан аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

 

 

Конференция барысында жол құрылыс саласының заманауи талаптарына сай болатын жоғары сапалы жол битумының өндіруі және жаңа химиялық қоспаларға деген сұраныстың қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, оралған битумның шығарылу мүмкіндігін ескере отырып, жол битумын жылдық өндіріс нысанына көшу шарттары қарастырылды.

 

 

Айта кетейік, 22 қарашада «Caspi Bitum» зауыты алғаш биг-бэгтегі жол битумының 60 тонна көлемінде алғашқы партиясын экспортқа шығарды. Биг-бэг – бұл сыйымдылығы 1000 кг дейін, өнімді кез-келген температурада тасымалдау мен сақтауға мүмкіндік беретін, бір рет пайдаланылатын арнайы тасымалдау ыдысы. Дәл осы тәсілмен өнім Қытай еліне экпортталды.

 

-Қытайлық компаниямен біздің әріптестігіміздің нәтижесінде біз жоғары сапалы өнімді тек Орталық Азия елдеріне ғана емес, сонымен қатар Қытайға экспорттау мүмкіндігіне ие болдық. Одан бөлек, 2017 жылдың қаңтар айында жол битумының 65 тоннасы алғаш Өзбекстанға экспортқа жіберілді.

 

 

 

2017 жылғы 10 айда кәсіпорын 230 мың тонна битум өндірді, бұл ҚР Энергетика министрлігінің жоспарының 153,88% құрады, бұл зауыт үшін жақсы өндірістік көрсеткіш болып табылады,-дейді «CASPI BITUM БК» ЖШС директорының орынбасары Сәкен Өтелбаев.

 

Конференцияның соңында Каспий битум зауыты мен Ш. Есенов атындағы КМТИУ басшылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде білім ошағының жанында кәсіпорынға мамандар даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру, зауыт мамандарын оқу процесіне жұмылдыру және мұнай өндіру саласында ғылыми зерттеулерге жағдай жасау жоспарланған.

 

 

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему