Маңғыстаулық 18 гимнасшы республикалық чемпионаттан  жүлдемен оралды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 00:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық 18 гимнасшы республикалық чемпионаттан жүлдемен оралды

27 Ноября 2017 (16:59) | 2061 | Автор: Нурганым Имашева

25-26 қараша күндері Атырауда көркем гимнастикадан «Каспий жұлдыздары» атты ашық республикалық чемпионат өтті. Жарысқа еліміздің Атырау, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз өңірлерінен келген 5 пен 17 жас аралығындағы 200 гимнасшы қатысты. Олардың арасынан маңғыстаулық гимнасшылар оза шауып, 3 алтын, 2 күміс және 12 қола медальды ұтып алды. Осылайша, облыс қоржыны 17 медальмен толықты.

 

 

Атап айтар болсақ, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің гимнасшылары Кәусар Жұмабай (2008 жылғылар арасында), Айкүн Қырықмылтық (2009 жылғылар арасында) пен Аққуым Манарбекқызы (2010 жылғылар арасында) жүлделі бірінші орынға ие болып, алтын медальдің иелері атанды.

 

Сондай-ақ,  Саида Дәуренқызы (2010 жылғылар арасында) күміс медальді жеңіп алса, Аяулым Орынбаева, Рысбике Сейбағыт (2008 жылғылар арасында), Аружан Қуанбаева, Нұрай Асқарқызы (2009 жылғылар арасында), Сана Абайқызы (2010 жылғылар арасында), Арайлым Жақсымұрат, Айым Тлеуова (2011 жылғылар арасында) қола медальға қол жеткізді.

 

-Одан бөлек көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының қыздары да осы жарыста жүлделі орындардан көрінді.

 

Топтық бағдарламада 2009 және 2010, 2011 жылғылар арасында үшінші орынды жеңіп алды. 2007 жылғылар арасында Диана Қыдырбаева күміс медальді иеленсе, 2008 жылғылар арасында Сабина Қосымбетова, 2009 жылғылар арасында Қарлығаш Каримхан, Жанель Әбдіхалықова, 2010 жылғылар арасында Дарья Бөкенбай, Дарья Лукьянчикова, Рауана Халидулинаға қола медаль бұйырды.

 

Әрине, мұның барлығы ұстаздар еңбегінің жемісі, төккен тердің өтеуі деп білемін,-деді облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің көркем гимнастикадан жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Бибігүл Ерназарова.

 

Айта кету керек, бүгінде өңірде 1200 қыз бала көркем гимнастикамен айналысады. Оларға білікті алты бапкер дәріс береді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему