Маңғыстаулық волейболшылар Данияда чемпион атанды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 00:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық волейболшылар Данияда чемпион атанды

13 Ноября 2017 (10:16) | 2236 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстаулықтар халықаралық жарыста топ жарып, отырып ойнайтын волейболдан чемпион атанып, ел намысын абыроймен қорғады. Финалдық кездесуде жерлестеріміз германиялық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, мықтылықтарын мойындатты. Бұл жайында Маңғыстау облыстық мүгедектер спорты клубының директоры Нұралы Құлышов хабарлады.

 

 

-Жарыс 4-5 қараша аралығында Дания мемлекетінің астанасы-Копенгаген қаласында өтті. Жарыстың алғашқы күні біздің команда төрт кездесу өткізді. Барлық қарсыластармызды 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финальға жолдама алдық. Жартылай финальда мықты команда чехиялықтарды 2:0 есебімен ұтып, финальда германиялықтармен кездестік. Немістерден мықтылықтарымызды дәлелдеп, халықаралық жарыстың чемпионы атандық. Өте қуаныштымыз,-дейді Маңғыстау облыстық мүгедектер спорты клубының директоры Нұралы Құлышов.

 

 

Командалық ұйымшылдықты, ширақ қимыл мен шеберлiктi талап ететін жарысқа Қазақстан, Эстония, Англия, Голландия, Дания мемлекеттерінің командалары қатысты.

 

 

Маңғыстау облысы құрама командасының сапында Нұралы Құлышов, Құралбек Сейдов, Бақтықожа Орысбаев, Жеңісбек Өзбекбаев, Нұрлыбек Қожабеков, Бауыржан Оразалиев, Ерболат Алтаев өнер көрсетті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему