«Рухани жаңғыру-Жастар керуені» - Жаңаөзен қаласында
2 Ноября 2017 (10:28) | 3278 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін таңертең басталған кең ауқымды шара түстен соң Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет сарайында жалғасты. Мәдениет ошағының фойесінде жастардың қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдары, әшекей бұйымдары және өнертапқыштар ойлап тапқан құрылғылар көрмесі шараға келген көпшіліктің назарына ұсынылды.
Маңғыстаудың 56 елді мекенін қамтитын «Рухани жаңғыру: Жастар керуенін» ұйымдастырудың негізгі мақсаты – аймақ тұрғындарына жастарды қолдау бойынша мемлекеттік саясатты, халық игілігіне арналған түрлі қызметтер мен мол мүмкіндіктерді ұсынатын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының әрбір тарауының мән-мағынасын түсіндіру болып табылады.
Жаңаөзен қаласында ұйымдастырылған ашық алаң, еркін форматқа құрылған басқосуға «Жаңа серпін» орталығының директоры Қайрат Рысбаев, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев, Маңғыстау облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Сармурзина Жәния, ІТ технологиясы саласының маманы Тимур Бектұр, «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау, ережесіз жекпе-жектен спорт шебері Шыңғыс Қайранов, «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері Майланова Бәлияш, Қаратаев Ахметхан, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Жаңаөзен қаласы бойынша консультанты Гүлшат Әбдіреева және «Дін істері орталығының» теологы Мырзахметов Хамидулла қатысты.
Жастармен кездесуге арнайы келген әр сала маманына сұхбат алаңында сөз кезегі ұсынылды. Олар өзі қызмет ететін жүйе бойынша мемлекет тарапынан жастар үшін жасалып жатқан жобалар және мемлекеттік бағдарламалар, атап айтқанда жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, тұрғын үймен қамту бойынша төмен пайызды бағдарламаның берер мүмкіндіктері, жастардың өз кәсібін ашуы үшін мемлекеттік «Даму» қоры арқылы ұсынылар аз пайызды несиелер бағдарламалары туралы түсіндірілді. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерлерге берер көмектері жайлы және ІТ саласы маманының жаңа технологияларға жатсынбай, оларды өмірімізге сенімді түрде енгізу туралы пайдалы ақпараттары, сондай-ақ жат діни ағымдардан сақтану жөнінде теолог маманның кеңесі тыңдалды.
Жастар өздеріне арналған түрлі мүмкіндіктерді қамтитын мемлекеттік бағдарламалар туралы құнды ақпаратты ықыласпен тыңдап, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мән-мағынасы турасындағы тұшымды әңгімеден зор әсер алғаны байқалды.
Жиын соңында Жаңаөзен қаласында басталған «Рухани жаңғыру: Жастар керуенін» облыс көлемінде одан әрі жалғастыру үшін керуен көшінің эстафетасы Қарақия ауданына салтанатты түрде табысталды.
Шараға өз студенттерімен бірге келіп қатысқан «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжіңің» ұстаздары ауқымды жиыннан алған студенттерінің әсерлері туралы пікірлерімен бөлісті.
-Біздің балаларға өте жақсы әсер берді бұл шара, олар өте көп нәрсе алды бүгінгі кездесуден. Спикерлердің өте тиімді, орынды, әсерлі әңгімелері жақсы-жақсы, нақты мысалдар арқылы баяндалды. Бұл – өте бір пайдалы шара болды біздің жастарымыз үшін.Әлде де ертеңгі күні біз сабақта, сабақтан тыс кезде оқушылармен сұхбат құратын боламыз бүгінгі шарадан алған әсерлері жайлы, - дейді Қарабалаева Несіпкүл Төлеевна есімді колледж ұстазы.
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжіңің» арнайы пән мұғалімі Айтбаева Қания Еркебайқызы:
-Әрине, мен әріптесімнің сөзіне қосылам, жиын өте әсерлі болды. Мен- өзім, «Рухани жаңғыру» туралы, біз, көбірек айтқанмен, балалардың өздерінің көздерімен көріп, бағдарламаны жете түсінгендеріне мен қуаныштымын.
Алдағы уақытта да осындай жастарға арналған игі шаралар көбірек ұйымдастырылса, біздің жастардың көп нәрсеге деген көзқарастары өзгереді деген үміттемін.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему