Қылмыскер тиісті жазасын алды
27 Октября 2017 (11:26) | 2053 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры С. Жұмағұловтың мәлімдеуінше, «Ақтау қалалық сотының 12.09.2017 жылғы үкімімен сотталушы «Л» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) және 297-бабының 2-бөлігінде (есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және есірткілік заттарды заңсыз өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар айында азамат «Л» бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында, Ақтау қаласы, 11 шағын ауданда орналасқан үйге заңсыз еніп, жәбірленуші «Б»-ға тиесілі 2 608 000 теңге құрайтын бағалы заттарын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.
Одан әрі, ағымдағы жылдың шілде айында Маңғыстау облысы ІІД-не азамат «Л»-тың қала аумағында есірткі заттарды заңсыз өткізіп жүргені туралы хабарлама келіп түсіп, тексеру барысында ақпарат расталып, 0,329 гр. құрайтын «экстрациондық опий» есірткі затын азамат «Ш»-ға заңсыз өткізген жерінен ұсталған, сонымен қатар «Л»-тың мекен-жайына тінту жүргізу барысында 0,0833 гр. құрайтын «экстрациондық опий» есірткі заты анықталып, тәркіленген».
-Қылмыстың аты – қылмыс. Ал оның артында халықтың қасіретіне апарып соғар қатер тұрса мүлде қол қусырып қарап отыруға болмайды. Қылмыспен күрес – шегірткемен күрес емес, күрмеуі көп күрделі іс екенін ұмытпауымыз керек,- деп ескертедіАқтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры С. Жұмағұлов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему