Ақтауда грек-рим күресінен облыстық ашық турнир өтті
23 Июля 2014 (04:12) | 4459 | Автор: Редакция
Қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан,теңдессіз алып күштің иесі Балуан Шолақтың дүниеге келгеніне биыл 150 жыл толады. Осыған орай Ақтауда алғаш рет Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған грек-рим күресінен жастар және жасөспірімдер арасында 19-20 шідеде облыстық ашық турнир өтті.
Дүбірлі додаға еліміздің Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен елімізге көршілес жатқан Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің ең мықты деген балуандары келіп, боз кілемде күш сынасты.
Бұл жарыста біздің облысымыздың намысын 40 балуан қорғады.
Аталмыш жарысты ұйымдастырудағы мақсат-жас өрендерді спорт ойындарына тарта отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Жарыста 194 жас спортшы бақтарын сынады. Балуандар 18 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
«Бұл спорт түрімен облыста 600-ге жуық спортшы айналысады. Жыл санап осы күрес түріне қызығушылық танытқандар саны артуда. Алайда жаттықтырушылардың аз болуы проблема болып тұр.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған грек-рим күресінен жастар және жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирге 1997-1999 жылғы туылған жасөспірімдер, 1994-1996 жылғы жастар және 2000-2002 жылғы кіші жасөспірімдер топтары қатысуда.
Жарыс 2 күн бойы өтеді. Жеңімпаздар медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады»,-деді облыстық Ш. Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт мектебінің басшысы, облыстық грек-рим күресінің аға жаттықтырушысы Мұрат Бейсенбаев.
Жексенбіде өз мәресіне жеткен турнирдің қорытындысы бойынша І жүлделі орынды 2000-2002 жылғы кіші жасөспірімдер арасында 27 кг салмақ дәрежесінде Ақтөбе қаласының спортшысы Ерболатұлы Наурызбек иеленсе, 29 кг-да Шымкенттік Пернехан Тимур жеңіске жетті, 32-кг салмақтығылар арасынан ШҚО балуаны Темірғали Әмір дараланса, 35 келідегі Өзбекстандық Мадьяров Атабек қарсыласын жеңіп шықты, 38 кг салмақтағы жеңіс Шығыс Қазақстандық Ардақбаев Еркебұланға бұйырды, ал 42 келі салмақта жерлесіміз Асан Шыңғыс жеңімпаз атанып, 46 кг салмақта-Ақтөбеден келген спортшы Аймахан Мұстафа жүлдегер болды.
1997-1999 жылғы туылған жасөспірімдер арасында І орын иесі болып танылғандар:
42 кг салмақта-Черкашев Тұрарбек (Өзбекстан), 46 кг-да Баймұрзин Бекжан (Ақтөбе), 50 келіде-Елмұратов Сұлтанбек (Өзбекстан), 54 кг салмақта-Сайлау Бақытқожа (Астана), 58 кг-да Шеремет Роман (Ақтау), 69 кг-Сауырбаев Самат (Ақтау), 76 кг-да Жұмағұлов Нұрбол (Орал).
1994-1996 жылғы туылған жастар арасында І орынды жеңіп алғандар: 55 кг салмақта-Ахметов Сағдат, 60 кг-да Кежетов Асқар, 66 кг-да Исматов Ерлан, 74 кг салмақта-Нұрсапа Бақберген, 120 кг салмақтың иесі-Сәрсенғалиев Әлібек.
Бұлардың барлығы дерлік өзіміздің ақтаулық спортшылар екені қуанарлық жайт.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему