Маңғыстаулық теннисшілер аймақ басшысының жүлдесі үшін ашық турнирде күш сынасты
21 Марта 2018 (09:41) | 2917 | Автор: Нурганым Имашева
17-18ші наурызда "Мангыстау-арена" спорт кешенінде Ұлыстың Ұлы күніне орай Маңғыстау облысы әкімінің жүлдесі үшін үстел теннисінен "Наурыз-2018" ашық турнирi өтті.
Оған Жанаөзен, Бейнеу, Құрық елді мекендерінен біршама теннисшілер қатысты. Жарысқа қатысқан спортшылардың жалпы саны 50 шақты. Турнир екi күнге созылды.
Ардагерлер арасында 1 орынды - Джаксылықов Бақтыбек, 2 орын -Рамазанов Мақатай, 3ші орынды - Барболов Талап иеленді.
Ересектер арасында: 1орынды - Рамазанов Есенгелді, 2 орынды -Бурбасов Еркін, 3 орынды - Ощепков Денис жеңіп алды.
Әйелдер арасында: 1 орынды - Казарьян Кристина жеңіп алса, 2 орын -Муратова Назираға бұйырды, 3 орынға - Исламғалиева Раушан тұрақтады.
Жеңімпаздар құнды, бағалы сыйлыктармен, медаль, грамоталармен марапатталып, ақшалай сыйлыктарға ие болды.
Жарыс жоғары деңгейде өтті. Турнирдің ұйымдастырушысы - Маңғыстау облысынын үстел теннисi федерациясы. Байрақты бәсеке Федерация президенті Мұналбаев Сұңгат Аншыбайұлының қолдауымен және облыстық спорт басқармасының колдауымен өткізілді.
- Федерацияның кеңес мүшесі ретінде мен облыстық спорт басқармасына және федерация президенті, "Ақтау BS строй" құрылыс компаниясының директоры болып табылатын Мұңалбаев Сұңғат Аншыбайұлына шексіз алғысымызды білдіремін.
Осы шараға жанұямызбен бірге, яғни 3 баламмен бiрге ән айтып, қыздарыммен би билеп, әйелдер командасында теннис ойынымды ойлап, және де жүргізуші де болып, шараның жақсы өтуіне барынша атсалыстық,-дейді әйелдер арасында 3 орынға ие болған теннисші Раушан Исламғалиева.
Облыс әкімінің орынбасары Сакиев Руслан Кенесарұлы жарыстың 2-ші күні жеңімпаз спортшыларға медаль, грамота, сыйлыктарын ұсынып, салтанатты марапаттау рәсімінде құттыктау сөзін арнады.
-Осы спорттық шара арқылы ұйымдастырушылар тарапынан тек қала деңгейінде ғана емес, облыстық деңгейде үстел теннисі ойынын дамытып, спортшылардың өзара карым-катынасын жақсарту көзделді және бұл турнир - жастарға үлгі болатындай салауатты өмір cалтын насихаттау болып табылады.- деген пікірін білдірді Маңғыстау облысынын үстел теннисi федерациясының президенті Мұналбаев Сұңгат Аншыбайұлы.
Cуреттерді түсірген Маңғыстау облысынын үстел теннисi федерациясының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему