Тәртіп сақшылары тілдер күнін атап өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәртіп сақшылары тілдер күнін атап өтті

23 Сентября 2017 (16:57) | 2135 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде  Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай  «Мемлекеттік тіл – ішкі істер органдарында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Шараға Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасы мен облыстық Ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілері қатысты.

-Аталған шара – мемлекеттік тіліміздің көркеюіне үлесімізді қосу, өзге халықтардың мәдениетіне құрметпен қарау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатын көздеді,- дейді Маңғыстау  облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің маманы Ардақхан Нәубет.

 

           Жиын басында Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері А.Нәубет Тәуелсіздік алғаннан бергі еліміздің, мемлекеттік тіліміздің өркендеуі жолында  жеткен жетістіктері туралы тәртіп сақшыларына  әңгімелеп берді.

« Анықтау басқармасының» бөлім бастығы Л. Құдасбаева мемлекеттік тілді мемлекеттік мекемелерде дамыту қажеттілігі туралы атап көрсетті.

Сонымен қатар, іс материалдарымен жұмыс жасаған кезде кейбір сөздердің аудармаларының сәйкес келмеуінен қиындықтар туындайтыны жайлы айтып өтті.

  «ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының» қызметкері А.Шалбаев құжаттармен айналысу барысында, аудармалар жасауда сәйкессіздіктер кездесетінін жеткізді.  

«Сіздің мемлекеттік тілді дамыту саласында қосқан үлесіңіз қандай? деген сауалға жауап беру барысында, Ақтау ҚІІБ-ның криминалисі М.Ли және  «Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторының» старшинасы   С.Берназаров өзге ұлт өкілдері бола тұра, қазақ тілінде таза сөйлейтіндіктерін көрсетті.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамыту, оның қолдану аясын кеңейту мен жетілуіне ықпал ету – өзекті мәселелердің бірі.

Шараға қатысқан тәртіп сақшылары мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты тақырыпты талқылау аясында тілдерді дамыту бағытында қабылданған шараларға қатысып, үлес қосу және тіл мәртебесін көтеру  - баршаға ортақ міндет екендігін айта келе, жыл сайын Республикалық «Парасатты полицей» байқауына қатысып, жүлдемен оралатындықтарын мақтан етті.

Өз әңгімелерінде  полиция қызметкерлері әріптестерін мемлекеттік тілдің мәртебесін көтермелеуге шақырды.

Заң бөлімінің маманы Әсем Жакияева сот процесінде де көптеген өзгерістер болғандығын атап өтті, әсіресе халықтан түсетін арыз-шағымдардың көбінің мемлекеттік тілде түсетіндігін, тек қажет болған жағдайда ғана екі тілде жауап берілетінін айтты. Өзінің тұрақты тіл жанашыры бола беретінін жеткізді.

Кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологы А.Айдарбаев өз қызметінде тәртіп сақшылары арасындағы  дайындық барысында және тренингтер, басқа да жаттығу шараларын  тек мемлекеттік тілде жүргізетіндігін айтып өтті.

- Жаңа қызметке қабылдау алдында үміткерлерден басшылар тарапынан мемлекеттік тілді білуі туралы талап қойылатынын қатты қолдаймын. Мемлекеттік тілді білмейтін адам, Отанының шын патриоты бола алмайды,-деді ол.

Шараның соңында «Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының» маманы А. Құсайынов бұйрықтар мен хаттардың, жалпы іс-құжаттарының   мемлекеттік тілде орындалуына  қатаң талап қойылатыны, тек қажет болған жағдайда ғана екі тілде жолданатыны туралы атап көрсетті.

     Дөңгелек үстелдің  тақырыбына қатысты талданған мәселелерді қорытындылау барысында қатысушылар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жолында әрі қарай жұмыстана беретіндіктерін білдірді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему