Қайырымдылық шарасы
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қайырымдылық шарасы

21 Марта 2016 (11:02) | 2649 | Автор: Нурганым Имашева

 

Апта соңында облыс орталығындағы «Наурыз» дәмханасында Ұлыстың Ұлы күніне орай Маңғыстау облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» мүшелеріне арналған мерекелік қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

 

Жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қолдау білдіріліп, зағип жандардың құрметіне мерекелік дастархан жайылды. Жыл басы саналатын Наурыз мейрамын көру қабілеті нашарлаған жандардың шалтты көңіл күймен қарсы алуларына тілектестік танытқан мейрамхана иесі 60 адамға арнап мерекелік дастархан жайып, Маңғыстау облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» мүшелеріне ізгі ниет танытты.

 

Мейрамға арналып жайылған дастарханда бас қосқандарды Ұлыстың Ұлы күнімен «Оқу-өндірістік бірлестігі» мекемесінің директоры Тлепов Боранбай Кемелұлы, «Ақтау қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мамандары, «Наурыз» дәмханасының иесі Резван Исмаилов, Маңғыстау облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» төрағасы Амангелді Мұхамедов пен көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған кіітапхананың сектор меңгерушісі Көшенова Базаргүл Тұрсынғалиқызы қызу құттықап, мерекелік ізгі тілектерін арнады.

 

Қайырымдылық шарасына жиылған көпшілік алдында Маңғыстау облыстық филармониясының Ақсұлу Құдабаева, Асқар Көшеров бастаған бір топ өнерпаздар ән шырқап, кештің сәнін келтірді.

 

 

Аймақта көру қабілеті төмен 700-ден астам адам бар. Оның 200 – ге жуығы “Облыстық зағиптар қоғамының» мүшелігінде. Оларды қоғам өмірінен тыс қалдырмай, қолынан келгенінше қуантуды көздейтін қайырымды кәсіпкерлер де қаламызда баршылық. Осыған дейін бұл жандарды қуанышқа бөлеп жүрген түрлі ұйымдардың қатарына қосылып, осы жолы жыл басы мейрамын ұйымдастырып беруді жөн санаған «Наурыз» дәмханасының иесі – кәсіпкер Резван Исмаилов болатын. Зағип жандардың көңілін көтеріп, мерекелік сыйлық жасауды қолға алған бизнес өкілі басқосуға келгендердің алғысына бөленді.

 

Мерекеге арнайы шақырылғандардың арасында жасы 70 - тен асқан Орал Смайлова есімді апай да келді. Көру қабілеті бұзұлғанына 30 жылдан асқан зейнеткер - бірінші топтағы мүгедектер тізімінде. Апай жиылған қауымға ізгі тілегін жолдады.

 

Орал Смайлова - Ақтау қаласының тұрғыны:
Наурыз елімізге құт – береке әкелсін! Ақ мол болсын, дендеріңіз сау болсын. Бәріміз тату-тәтті бірлікте, мамыражай ғұмыр кешуге жазсын, аман - сау болайық, жылдан жылға Наурызымыз келе берсін. Мейрам құтты болсын. Әнші бала - қыздарымызға рахмет айтамын, көңілдерімізді көтеріп тастадыңыздар.

 

Маңғыстау облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» төрағасы Амангелді Рахметұлы Мұхамедов:
Осындай басқосулар біздің қоғамның мүшелерінің өмірге деген құлшыныстарын арттып, өздерін қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Мерекелік сый жасаған кәсіпкер Резван Исмаиловқа алғысымыз шексіз.

 

Қоғамның мүшелеріне және бізге тілекші азаматтардың барлығына да Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын дегім келеді. Әрқашанда әр жыл несібесімен келсін. Ешқандай қиындыққа мойымай жүре берсін деймін қоғам мүшелеріне. Мықты денсаулық тілеймін, - деп ақжарма тілегін арнап, мерекелік кешті ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему