Маңғыстауда су тұщыту зауыты салынады
14 Августа 2017 (21:50) | 2263 | Автор: Нурганым Имашева
Аймақтағы ең өзекті мәселенің бірі - ауыз су тапшылығы. Сондықтан, бұл мәселені шешудің жолын табу - өңірде жаңа су тұщыту зауытын салу.
Маңғыстау облыстық әкімдігінде өткен жиында «BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад пен «Астана Қызмет-КЗ» ЖШС директоры Болат Ыдырысбаев, «SafBon Water Service (Holding) Inc.» мекемесінің бас менеджері Ванг Ксиан облысқа су сұщыту зауытын салу бойынша жаңа жобаны таныстырды.
«BeltWay Group Limited» компаниясының директоры Әли Мохамад жобаны іске асырып, ең озық технологияны пайдалануға дайын екенін жеткізді. Жоспар бойынша зауыт Құрық ауылынан 22 шақырым жерде орналасады. Қорек көзі ретінде газ-турбиналық электр станциясы пайдаланылады. Тұщытылған сумен «ӨзенМұнайГаз» АҚ, Жетібай, Құрық ауылдары мен Ақтау, Жаңаөзен қалалары қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, бұл жоба өңірде ауылшаруашылығы саласын дамытуға тың серпін бермек.
Жиын соңында облыстық әкімдік пен компания арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов жобаны дайындау және жүзеге асыру мәселелерімен айналысатын жұмыс тобын құруды тапсырды.
Айта кету керек, «BeltWay Group Limited» компаниясы 1995 жылы Шанхайда құрылған. Бүгінде кәсіпорын әлемдік деңгейде, түрлі сала бойынша қызмет көрсетіп келеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему