Медиация қызметі - заман талабы
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Медиация қызметі - заман талабы

4 Августа 2017 (17:31) | 4061 | Автор: Нурганым Имашева

 

Достық үйінде «Медиация қызметі – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

ФорумғаМаңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Лариса Шамғонова, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Маңғыстау облысының әкімінің кеңесшісі және «Қоғамдық келісім" КММ,  «Центр развития медиации» РҚБ, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының,  «Қоғамдық келісім" КММ,  «Центр развития медиации» РҚБ, Маңғыстау облысының білім басқармасының,  ЭКО «Дагестан», «Согласие» ҚБ, «Жастар жетістіктері» ҚБ, Ардагерлер одағының, «Совет общественного согласия» РҚБ,  «НұрОтан»МОФ, «ЖасОтан»МОФ, «Жас Қанат», «Союз ЧСУ Мангистауской области» ҚБ, мектеп директорлары және әдіскерлері, Ақтау қаласының ішкі істер басқармасының өкілдері   қатысты. 

 

 

Лариса Шамғонова шараны ашып, татуласу рәсімдері қазіргі уақытта республика соттарында аса маңызды бағыттардың бірі екенін атап көрсетті. Соттардың дауды бейбіт жолмен реттеуге ықпал етуі азаматтық сот ісін жүргізу дәрежесіне көтерілді.

 

Форумды өткізудің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандармен жасалған құқықбұзушылықтар бойынша татуласу рәсімдерін өткізу, соның ішінде бүгінгі күнде маңызды тақырыптардың бірі – мектептегі медиация.

 

 

Форум модераторы Лариса Шамғонова мектептегі медиацияның басты шаралары болып мектептегі медиация кезінде жаңұямен тығыз жұмысын атап өтті, өйткені оның болуы – баланың қатысуымен орын алған  қиын және шиелініс жағдайларды нақты шешуге ықтималдығын көрсетеді.

 

Жиын барысында бағдарламадағы белгіленген барлық мәселелер бойынша конструктивтік диалог өтті.

 

Форум қорытындысы бойынша медиация институтын насихаттау мақсатында жергілікті атқару органдарына жергілікті телеарнада медиация туралы жарнама бейнероликтері көрсету, Ақтау қаласының бас көшелерінде медиация тақырыбында билбордтар  орнату, газет беттерінді  «Медиатор бұрышы» атты тұрақты айдар ашуға ұсыныс білдірілді.

 

 

Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап оқу орындарында балалардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіз орта орнатуға, тең мүмкіндіктер және ықыласын арттыруға көзделген мектеп медиациясы қызметін ашу жоспарланды.

 

Мұғалімдер, методистер және ата-ана арасында мектептегі медиацияға қызығушылық арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы туралы айтылды.

 

Шараға қатысушыларға медиация туралы бейнероликтер көрсетілді.

 

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему