«Серпін» бағдарламасы бойынша үш күн ішінде 400-ден астам маңғыстаулық талапкер оқуға түсуге құжат тапсырып үлгерді
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 10:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Серпін» бағдарламасы бойынша үш күн ішінде 400-ден астам маңғыстаулық талапкер оқуға түсуге құжат тапсырып үлгерді

27 Июля 2017 (10:31) | 3889 | Автор: Нурганым Имашева

Елімізде 2014 жылдан бері жастарға қолдау көрсетіп, тегін білім алуына, халық игілігіне қызмет істеп, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін – «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» әлеуметтік жобасы пайда болғаны белгілі.

 

 

Бұл жобаны жүзеге асырудағы мақсат - Оңтүстік, Батыс аймақтағы жастарды республиканың Солтүстік, Орталық, Шығыс өңірлеріне тарту арқылы, осы аймақтардың экономикасындамытып, өндірісінөрістету. Бүгінгі таңда аталмыш жобаның ауқымы кеңейе түсуде.

 

Жыл сайынғы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға тапсырушылар санының көбейе түскені байқалады. Әйтсе де, бұл бағдарлама арқылы Маңғыстаудан оқуға түсуге талпынушылардың қарасы анау айтқандай көп емес. Мұның себебін жобаны ұйымдастырушылар ақпараттың жергілікті халыққа толыққанды жеткізілмеуінен болуы мүмкін дейді.

 

Маңғыстауға арнайы келген Ұлттық жобалар басқармасының бастығы Күлзия Тобатаевамен кездесіп, биылғы жылғы бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы әңгімелесудің сәті түсті.

 

-Жоба бойынша былтырға дейін - 22, биыл 24 жоғарғы оқу орны және 55 колледжге 18-29 жас аралығындағы жастарды оқуға қабылдаймыз.

 

 

Бүгінде бұл жоба бойынша 12 мың студент білім алып жатыр. Биыл 4513 грант бөлінді, оның 3793-і ЖОО-на, 720-сы колледждерге немесе кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына берілді.

 

ЖОО-на бөлінген 9793 гранттың 1555-і білім саласына, 1898-і техникалық, 345-і ауылшаруашылық мамандықтарына бағытталған.

 

Қазір Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де 22 оқу орынының өкілдері қабылдау жүргізіп жатыр, 24 оқу орнына құжат қабылдануда.

 

Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша колледжге оқуға түсуге ниет танытқан талапкерлер 3-ші шағын ауданда орналасқан «Маңғыстау энергетикалық колледжі» ғимаратына келіп, құжат тапсыруларына болады. Биыл «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 22 колледж оқуға құжат қабылдап жатыр. Олардың қатарында Павлодар облысының Баянауыл колледжі, Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы агро-техникалық колледж, Қостанай қаласындағы және Батыс Қазақстан облысының колледждері де бар,- деп мәлімдеді Күлзия Тобатаева.

 

Күлзия Қадырқызы шілденің 23-нен басталған құжат қабылдау жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны, сол күннен бастап, бүгінгі 26 шілде аралығында 400-ден астам маңғыстаулық түлек «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсуге ниет танытып, құжаттарын қабылдау комиссиясына тапсырғаны туралы атап өтті.

 

 

Бүгін 26 шілдеде қабылдау комиссиясының құрамындағы еліміздің әр аймағынан келген 22 оқу орнының өкілдері, құжаттарды қабылдау ісіне белсенді қолдау көрсетіп жүрген Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары және облыстық білім беру басқармасының

 

қызметкерлерінің қатысуымен Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де басқосу өтті.

 

Шараға Ұлттық жобалар басқармасының бастығы Күлзия Қадырқызы Тобатаева жетекшілік етті.

 

Жиын Маңғыстаудың аудан-қалаларының, Жаңаөзен қаласының жастары қатарынан «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсуге ынта танытқан түлектерді жобаға көптеп тарту жолдарын талқылауға арналды. Аталған жастардың категориясына оқу гранттары көбірек бөлінетіні жайлы сөз қозғалды.

 

-Қазіргі таңда «Серпін» бағдарламасы бойынша 12 мың студент білім алуда. Олардың 50 пайызы – ОҚО студенттері, 31 пайызы – Қызылорда, 8 пайызы – Жамбыл, 7 пайызы – Алматы және 5 пайызы – Маңғыстау облысының студенттері. Яғни, «Серпін» жобасы бойынша оқып жатқан білімгерлердің ең азы осы Маңғыстау облысынан. Сондықтан облыстың, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің сұрауы бойынша өңірлеріңізге келдік. Осымен үшінші рет келіп отырмын.

 

Жаңаөзен халқымен, Мұнайлы ауданы тұрғындарымен, осы Ақтау қаласындағы Білім инновациялық лицейінде мың жарым халықпен кездестім. Бәріне түсіндірілді. Бұрын құжат қабылдауға мында 5-6 ЖОО-ның өкілдері ғана келетін, биыл олардың қатары көбейді.

 

Университеттен үш аудитория бөлінді. Әр ЖОО-ның ректорларына дейін шығып, өзім шақырттым. Шығыс Қазақстан облысының өкілі Маңғыстауға үш күн жол жүріп келді.

 

«Серпін» жобасына кіретін ЖОО мен колледждердің бір ерекшелігі – олар заманауи технологиямен жабдықталған. Балалардың бәсекеге қабілетті мамандықты меңгеріп шығуына бұл оқу орындарында барлық жағдай жасалған.

 

Құжаттар шілде айының 23-31 аралығында қабылданады. Ал колледждерге 20 тамызға дейін тапсыруға болады, -деп атап өтті жиын барысында Күлзия Қадырқызы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему