Алаяқтардан сақ болыңыздар!
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 03:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алаяқтардан сақ болыңыздар!

23 Июля 2017 (13:57) | 3884 | Автор: Нурганым Имашева

Адамдарды қылмыстық құқық бұзушылықтардан, олардың қауіп қатерінен, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

 

 

Қазіргі қоғамда қылмыс санының өсуі, әсіресе бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, алаяқтық, тонау сияқты қылмыстар адамдар арасында үрей тудыруда.

 

Бүгінгі таңда алаяқтықтың кең тараған түрлері, ол – мұнай саласы бойынша жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамын, мемлекеттік бағдарламалармен немесе жеңілдіктер арқылы пәтерлер, арзан жер телімдерін алып беремін, сондай-ақ, шетелдерден арзан бағамен автокөлік әкеліп беремін және т.б. жолдармен қарапайым тұғындардың сеніміне кіріп, оңай жолмен ақша табу болып табылады.

 

Статистикалық мәліметтерге сүенсек, 2017 жылдың 6 айында, Ақтау қаласында барлығы 178 (2016ж. дәл осы мерзімінде – 252) алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген, яғни 74 қылмысқа (-29,3%) төмендеген. Тергеп-тексеру амалдарының қорытындысымен 63 қылмыстық іс сотқа жолданып, кінәлілер тиісті жазаларын алды және 40 қылмыстық іс күдіктілердің жәбірленушілермен татуласуларына, яғни шығынды толықтай қайтарып беруіне байланысты өндірістен тоқтатылған.

 

Мысалға келтірер болсақ, 2016 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында азаматша «И» қасақана, пайдақорлық ниетпен, алаяқтық арқылы ақша жымқыру мақсатында, Түпқараған ауданына қарасты С.Шапағатов ауылынан арзан бағамен жер телімін алып беремін деп, 6 адамның әрқайсысынан 700 мың мен 4 млн. теңге аралығында ақшаларын алдап алып, уәдесін орындамай, ақшаларын иемденіп кеткен.

 

Ақтау қалалық сотының 16.05.2017ж. үкімімен азаматша «И» ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен (аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған (үкім заңды күшіне енген).

 

Қазіргі таңда, алаяқтық деректерінің тіркелуі, олардың алдын алу мен тергеп-тексерілуі прокуратура органдарының бақылауында болып келеді.

 

Осыған байланысты, қала прокуратурасымен алаяқтық қылмыстарының алдын алу, оларды болдырмау мақсатында халық арасында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда.

 

Аталған бағыттағы жұмыстардың нәтижесімен былтырғы жылға қарағанда биыл алаяқтық деректері -29,3% (74 қылмысқа) төмендеген.

 

Алайда, бұл көрсеткішті түпкілікті деуге және алдағы уақытта алаяқтық деректері көбеймейді деп нақты айтуға негіздер жоқ.

 

Сол себепті, бірінші кезекте қаламыздың тұрғындарын жоғарыда аталғандай алаяқтардың арбауларына түсіп қалмауы үшін сақ болуларын ескертеміз!!!

 

Ақтау қаласының прокуратурасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему