Жасөспірімдерді жат ағымдардың жетегінде кетуден сақтандырды
15 Июля 2017 (09:38) | 1813 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен, қоғамда деструктивті діни ағымдардың радикалды идеологиясының таралуының алдын алу, жас ұрпақты осындай қауіптен сақтандыруға бағытталған кездесу өтті.
Жастардың басқосуы кезінде «Ақиданың ақыры» деп аталатын екі сериялық деректі фильм көрсетіліп, ол жасөспірімдерге қатты әсер етті.
Фильмді көру аяқталған соң жастар өз пікірлерін ортаға салып, өздеріне түсініксіз болған жайттар туралы мол мағұлмат алғандарын айтып, шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.
-Бүгінгі қоғамды жайлаған келеңсіз жағдай - жат діни ағымдардың жетегінде кетіп адасу сияқты құбылыстан жастарды сақтандыру бағытында ұйымдастырылатын мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады,- деп мәлімдеді жастармен пікір алмасуды өткізген «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының» маманы Азамат Ахмедов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему