Ақтауда ҰҚК-нің құрылғанына 25 жыл толу мерекесі атап өтілді
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 08:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда ҰҚК-нің құрылғанына 25 жыл толу мерекесі атап өтілді

14 Июля 2017 (13:29) | 4310 | Автор: Нурганым Имашева

Жыл сайын 13 шілдеде елімізде Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрылған күні аталып өтіледі. Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 25 жыл толды.

 

           

Осыған орай Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері мерекелік кеште бас қосты.

 

Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драмалық театрында өткен салтанатты шарада  облыс әкімі Ералы Тоғжанов ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлерін мерекемен құттықтап, арнайы алғыс хатпен марапаттады.

           

-Қайырлы күн қадірлі жерлестер, құрметті Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ардагерлері мен қызметкерлері! Баршаңызды бүгінгі Қазақстанның Ұлттық Қаупсіздігінің құрылғанына  25 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

           

Соңғы 26 жылда еліміз қалыптасу кезеңдерін бастан өткізіп, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан орасан зор жетістіктер мен мол табыстарға қол жеткізді. Бүгінде Отанның ортақ туының астында ынтымағы мен достығы, бейбітшілігі мен бірлігі жарасқан тәуелсіз Қазақстан мәңгілік ел болудың дара жолына түскен, бейбіт ғұмыр кешіп жатқан өркениетті мемлекеттердің бірегейі.

           

Ел тыныштығын қас қақпай күзету – мерейлі мәртебе, асқақ абырой. Осы орайда елдегі тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуді, терроризмді, лаңкестікті жою т.б. маңызды міндеттерді құқық қорғау органдарының алдына шегелеп қойған Елбасы тапсырмаларын орындауда ҰҚК-нің үлесі айрықша.

 

Ұлттық қауіпсіздік саласында еңбек ететін сарбаздарымыз бен сардарларымыз - еліміздің берік қалқаны, тәуелсіздігіміздің тірегі, - деп атап өтті құттықтау сөзінде аймақ басшысы.

           

Мерекелік кеште бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер арнайы органдағы ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін "Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің үздік қызметкері" төсбелгісімен, 2-ші және 3-ші дәрежелі "Ұлттық Қауіпсіздік қалқаны" медалімен және  "ҰҚК-не 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды.

           

Сарбаздар мен сардарларға, ҰҚК органының ардагерлеріне, Департаменттің үздік қызметкерлеріне наградаларды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің басшысы ҰҚО генерал-майоры Ерлік Серікбайұлы Тайжанов табыс етті.

           

Арнайы органда 37 жыл қызмет еткен полковник, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері  Орнекешов Бердімұрат Ерғазыұлы да салтанатты кеште бірнеше марапатқа ие болды. Ардагер мерекелік кеш басталар алдында журналистер қауымына сұхбат берген кезде әріптестері мен ізбасарларын мерекемен құттықтап, ақ тілегін арнады.

           

-1982 жылы әскери училищеге қабылдандым. 1995 жылға дейін, әуе әскери күштерінде Қарулы Күштердің қатарында болдым.

           

1995 жылы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қатарына шақырылдым. 20 жыл бойы ҰҚК бөлім басқармасында басшылық қызмет атқардым. 2015 жылдан бері демалыстамын.  

           

«Есть такая профессия – Родину защищать!» деген сөзді білесіздер.  Біздің қызметіміздің бар мағынасы осы сөздің ішіне сыйып кетеді деп ойлаймын.

           

Бүгінгі қуанышты күнмен, бүгінгі мерекемізбен барлық әріптестерімді құттықтаймын. Олардың отбасыларына амандық, бақыт,  мықты денсаулық тілеймін.

           

Біздің ізімізді басып жүрген жігіттердің еңбегі жемісті болсын. Ұлттық қауіпсіздігіміз нығая берсін, - деді ардагер.

           

Ел тыныштығын қалтқысыз күзетіп жүрген абыройлы қызмет иелерінің төл мерекесіне арналған салтанатты жиын марапаттаудан соң өлке өнерпаздарының құттықтау концертіне ұласты.

           

1992 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық арнаулы қызмет – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

             

ҚР  Ұлттық қауіпсіздік органдары – ҚР   Президентіне тікелей бағынышты , сондай-ақ,  есеп беруші арнайы органдары, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамалық бөлігі болып табылады және оларға берілген құзырет шегінде тұлғалар мен қоғамның, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастылығын, мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаушылық потенциалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жүйесінің бірыңғай жүйесін  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер және басқа құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңыздылығы бар қалалар және Республиканың астанасы және оларға бағынысты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, арнайы тағайындаудың бөлiмшелерi, оқу орындары, ғылыми-зерттеулік мекендері және басқа да ұйымдары құрайды.

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары міндетіне заңды бақылау, барлық азаматтардың заң алдында тең  болуын қадағалау, азаматтардың бостандығы және құқықтарын сақтау мен құрметтеу, қоғамдық бірлескен ұйымдар мен саяси партиялардың қызметінен тәуелсіз қағидаларды ұстану жатады.

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы кезең аралығында мемлекет мүддесі мен өңірлік қауіпсіздік негіздері шебін нық қорғайтын заманға лайық, тиімді арнаулы қызметке айналды. Сондай-ақ қазіргі күрделі жағдайда ҰҚК органдары алдында Елбасы жариялаған институционалдық реформаларды жүзеге асыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды міндеттер тұр.

           

«Тумба» газетінің редакциясы да ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлерін, ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды.

 

Тәуелсіз Қазақстанымыздың қауіпсіздігін қырағылықпен күзетіп, алаңсыз өмір, бейбіт күндеріміздің қорғаны болып жүрген айбынды азаматтарымыз еліміздің жарқын болашағы үшін әрқашан аман-сау жүріңіздер, егемен еліміздің амандығын қамтамасыз етуге бағытталған жауапты қызметтеріңізге толағай табыс, биік өрлеу, отбасыларыңызға – амандық, баянды бақыт, деніңізге – саулық тілей отырып, әрқашан мерейлеріңіз үстем, жүздеріңіз жарқын болсын деген тілегімізді білдіреміз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему