Жастарды шекарашы қызметін таңдауға шақырды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастарды шекарашы қызметін таңдауға шақырды

12 Июля 2017 (10:38) | 3527 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің құрылымдықбөлімшесі болып табылатын «Жағалау күзетінің» Өңірлік басқармасының шекарашылары «Жастар үйінде» Ақтау колледждерінің студенттері және жоғары сынып оқушыларымен кездесті. ҚР ҰҚК «Жағалау күзетінің» Өңірлік басқармасы жастарға арналған «Осындай мамандық бар» деп аталған акцияны ұйымдастырды.

 

           

Кездесу барысында Басқарма басшысының орынбасары полковник Туребаев Талғат Смадиярұлы жастарға ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі туралы түсіндіріп, еліміздің теңіздегі және құрылықтағы шекарасының  қауіпісіздігін, тұтастығын қырағылықпен күзететін шекарашылар мамандығы туралы кеңінен әңгімеледі.

           

Жас өрендерге еліміздің Батыс аймағының шекарасын күзетуші ержүрек шекара сақшылары туралы бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар кездесуге қатысқан «Жағалау күзетінің» Өңірлік басқармасының кадр бөлімі және қаржылық бөлім мамандары да жастарға шекара қызметінің ерекшеліктері, шекарашы болу үшін қандай оқу орнын таңдау қажет, шекарашы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс деген  мәселелер төңірегінде кеңінен әңгімеледі.

           

Жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оларға шекарашылардан тұшымды жауаптар алды. Шекара сақшылары жас өрендерге өздерінің «Шекарашы» деп аталатын салалық түрлі-түсті журналдарын таратты.

           

-Бүгінгі акциямыздың мақсаты – жастарды шекарашы мамандығын таңдауға қызықтыру, ел шебін қырағылықпен  күзететін шекара сақшысы болуға жас ұрпақты ынталандыру, шекарашы мамандығын жастар арасында кеңінен насихаттау.

           

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің құрылғанына 18 тамызда 25 жыл толуына орай осы акцияны жастар арасында арнайы ұйымдастырып отырмыз.

           

Біздің шекара қызметінде медицина мамандары, экономист-қаржыгерлер, заңгерлер жетпей жатыр. Сондықтан осы акция аясында жастарды өз қатарымызға тарту арқылы шекара қызметін жас мамандармен толықтыруды, жас өрендерді өз Отанын сүюге, туған жерінің шекарасын қорғауға ынталандыруды мақсат етудеміз, - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК «Жағалау күзетінің» Өңірлік басқармасы басшысының орынбасары полковник Талғат Смадиярұлы Туребаев.    

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему