Маңғыстау облысы прокуратурасының командасы барлық құқық қорғау және арнайы органдардың арасында жеңімпаз атанды
29 Июня 2017 (21:45) | 2493 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25-жыл толуына орай құқық қорғау және арнайы органдар арасында шағын-футболдан турнир өтті».
Жарыс «ФК Каспий» спорт кешенінде тоғыз команданың (Прокуратура, Сот, ҰҚКД, ІІД, МКД, ТЖД, ӨБ «Батыс» және ӨБ «Жағалау күзеті») қатысуымен өтті.
-Біздің қызметкерлер ойын басталған сәттен бастап айқын әрі тактикалық және сауатты ойын көрсетті. Ойын барысында алаңда әр команда өз аймағын құлшына қорғап, бір-біріне шынайы шабуыл жасады, олардың қақпаға бағыттаған соққылары қауіпті сәттер туындатты.
Финалда Облыстық прокуратура мен ӨБ «Батыс» шекара қызметкерлері командалары кездесті.
Ақтық сында жанкүйерлер де өз командаларын жан аямай қолдады. Көрермендердің де, жанкүйерлердің де көңіл-күйлерінен және эмоцияларынан ойынның өте қызықты өтіп жатқаны көрініп тұрды,- дейді Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі біздің сайтқа жолдаған хабарламасында.
Турнир қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық прокуратурасы жеңімпазы атанды.
2-ші орынды ҚР ҰҚК ШҚ Батыс ӨБ командасы жеңіп алды.
3-ші орынды Маңғыстау облысы кірістер Департаментінің тобы иеленді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему