Соттардың азаматтық тәртіпте санкция беру жолдары
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 08:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Соттардың азаматтық тәртіпте санкция беру жолдары

26 Июня 2017 (18:20) | 1975 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Бұл туралы Ақтау қаласының №2 сотының бас маманы Ерболат Утегенов түсіндіреді.

 

 

Оның мәлімдеуіше, «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 252-бабында «Сот орындаушысының қаулысын санкциялау» туралы былай делінген:

 

 

Заңда белгіленген жағдайларда сот орындаушысы соттың санкциялауына жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулы шығарады. Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған уәждер мен негіздер жазылуы тиіс.

 

 

Соттың санкциялауына жататын қаулыны сот орындаушысы сотқа ұсынады. Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.Сот орындаушысының қаулысын сот материалдар сотқа түскен күні қарауы тиіс.

 

 

Сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады. Қазіргі таңда санкциялауға түсетін қаулылар электрондық құжат нысанында беріледі сот орындаушысының қаулысына санкция беруді сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тарқан жағдайда судья санкция беруден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында уәжді ұйғарым шығарылады».

 

 

-Заңды күшіне енген шешімдерді мүлтіксіз орындау барлық азаматтар мен заңды тұлғалардың міндеті, бұл Ата заңымызда қаралған. Судьялар шешім қабылдаса, ол шешімді орындайтын сот орындаушылары, яғни екі органның тығыз байланыста болуы шарт. Күнделікті жұмыс барысында туындайтын мәселелерді талқылап, ортақ шешім қабылдау үшін осы шара соттың жұмыс жоспарымен қаралған.

 

 

2017 жылдың 6 айында Ақтау қаласының №2 сотына сот орындаушылардан 2285 санкциялау туралы қаулылар келіп түскен, 918 қаулы- Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға шектеу қою туралы, 9 қаулы-борышкердің ақшалай қаражатына тыйым салу, 328 қаулы-борышкердің мүлкіне тыйым салу, 1030-басқа да санкциялауға арналған қаулылар.

 

 

Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, қайтарылған жадығаттар саны- 1, өндіріске қабылданған – 2284.

 

Оның ішінде 2156 сот орындаушының қаулысы қанағаттандырылған, 129 жадығат қанағаттандырусыз қалдырылған.

 

Сот орындаушылардың санкциялау туралы құжаттары АІЖО ААЖ «Талдау» бағдарламасы арқылы келіп түседі, егер құжат дұрыс толтырылмаған болса, ол аталған бағдартлама арқылы кейін қайтарылады,- дейді Ақтау қаласының №2 сотының бас маманы Ерболат Утегенов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему