Теңіз жаяу әскерлері өзара үздіктерді анықтады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 00:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Теңіз жаяу әскерлері өзара үздіктерді анықтады

23 Июня 2017 (17:56) | 2484 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

«Біз қайда - жеңіс сонда!». Бұл, теңіз жаяу әскерлері бригадасының ұраны. Айбынды Қазақстан армиясының бетке ұстар бірегей әскери құрылымы Маңғыстауда орналасқан. «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты бригада «Оймашы» полигонында заманауи ұрыс қимылдарын пысықтайды. Қысқы және жазғы тактикалық оқу-жаттығулардан соң үрдіске сай үздіктер марапатталады. Биыл взвод командирі Бақтияр Нұрмұқаш басқаратын сарбаздар топ жарды.

 

 

Қысқы ұрыс жаттығуларында үздік танылған жауынгерлер мерзімді әскери міндетін абыроймен өтеп, туған өңірлеріне оралған. Взвод командирі Бақтияр Нұрмұқаш биыл көктемгі шақыртумен келген жастарды теңіз жаяу әскері міндетіне баулып жүр.

 

 

Бақтияр - Алматыдағы құрлық әскерлерін даярлайтын әскери институт түлегі. 24 жастағы гвардия лейтенанты басқаратын взвод үш бронды транспортер, 19 сарбаздан тұрады.

 

 

Бақтияр Нұрмұқаш, №25744 теңіз жаяу әскері бригадасының взвод командирі:

-Теңіз жаяу әскері болу бала жастан арманым. Мақсатым орындалып, өзім туып-өскен қалада жоғары білім алдым. Бригадаға келгеніме бір жылдан асты. Білгенімді жастарға үйретіп келемін.

 

 

Тәжірибелі командир басқаратын бронды машиналар экипаждары күндізден бөлек, түнгі мезгілде және қозғалыста оқ атуға машықтануда.

 

 

Басқалқа Төлеушайықов, БТР-82А бронды машинасының көздеуші-операторы:

- Осындай білікті маманның арқасында біз көптеген нәрселерді үйреніп, жақсы нәтижелерді көрсетудеміз. Біздің алдағы мақсатымыз - әскери борышымызды адал атқарып, туған жерімізге абыроймен оралу.

 

 

Теңіз жаяу әскері бригадасы командалық-штабтық оқу-жаттығуға әзірлігін пысықтап жатыр. Демек, келер айда үздіктер қатары жаңа есімдермен толығады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему