Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмахан маңғыстаулық полицейлерді құттықтады
22 Июня 2017 (19:24) | 1840 | Автор: Мира Ботабекова
23 маусым Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл. Осыған орай бүгін, 22 маусымда Ақтау қаласының Астана алаңы жанында ҚР ІІМ-не қарасты полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті, қылмыстық атқару жүйесі мамандары мен әскери бөлім шенділері парад ұйымдастырды. Шеруде барлығы 500 адам сап түзеді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов қатысты. Маңғыстау облысының ішкі істер департментінің материалдық-техникалық жағдайын нығайту мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдар ішінде облыс әкімдігінің қолдауымен бірнеше арнайы автокөліктер алынды. Мерейлі мерекеде облыс әкімі 51 қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті. Олар негізінен облыстың жол-патрульдік полиция бөліністеріне, учаскелік полиция инспекторларына, жедел-тергеу және көші-қон қызметтеріне бөлінетін болады.
Одан әрі Ішкі істер департаментінің қызметтік арнайы автокөліктер шеруі өтті. Бұл автокөліктер жол-патрульдік полиция, учаскелік полиция инспекторларының, жедел-тергеу бөліністерінің күнделікті қызметінде қолданылады. Парадты атты полицейлер аяқтады.
Шара «Абай» атындағы мәдени-демалыс кешенінде жалғасын тапты. Мәдениет ошағының кіре берісіне /фойе/ Маңғыстау полициясының тарихынан сыр шертетін фотолар мен тәртіп сақшыларының қолданысында жүрген қару-жарақтар көрмесі қойылды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «полиция қызметкерлері-қылмыспен күресте, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда алдыңғы қатарда тұрған адамдар». 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды — Полиция күні деп бекітті. Қазақстан полициясы осы ширек ғасыр уақыт ішінде қалыптасу және даму кезеңдерін басынан өткерді.
Мерекеде қазақ полициясының 25 жылдығына орай арнайы шығарылған Маңғыстау сақшыларының тарихынан сыр шертетін, өткені мен бүгінін саралайтын кітіптың тұсауы кесілді.
Атаулы мерекеде ел тыныштығын сақтау жолында мінсіз қызмет атқарып жүрген қызметкерлер марапатталады. Сонан соң шара мерекелік концертпен жалғасты. ІІД жанынан алғаш құрылған хор өнер көрсетті. Одан елімізге белгілі өнер тарландары Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмахан ән тартуларын арнады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему