Ақтау қаласының өрт сөндірушілері Көкшетау техникалық институтына түсетін үміткерлермен және олардың ата-аналарымен кездесті
16 Июня 2017 (12:39) | 2113 | Автор: Нурганым Имашева
ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институына 2017-2018 оқу жылына іріктеу және қабылдау мақсатында Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің басшылығы үміткерлер және олардың ата-аналарымен кездесуді ұйымдастырды.
Шара барысында Өрт сөндіру қызметінің бастығы Ерлан Мауленов, бастықтың орынбасары Еркінбек Нұрғали және кадр жұмыстары бөлімінің аға инспекторы Нұрсұлтан Шаймерденов институтқа түсудің негізгі ережелері, тәртібі мен шарттары туралы ақпаратты ата-аналар мен үміткерлердің назарына ұсынды.
Басқосуда өртке қарсы қызмет басшысы Ерлан Әмірұлы өз қызметкерлерін жиналғандарға қызмет бағыттары бойынша таныстырып өтті.
Білім беру қызметінің ұйымдастырылуының негізгі принциптері туралы өз баяндамасымен азаматтық қорғау аға лейтенанты Шаймерденов Нұрсұлтан сөз сөйледі.
Кадр жұмыстары бөлімінің аға инспекторы ҰБТ нәтижелерінен өзге үміткерлерге колледжді аяқтаған соң, өрт қауіпсіздігі факультетіне күндізгі оқу бөліміне тапсырушылар қосымша АКТ (абитуриенттің кешенді тестілеуі) тапсыру қажеттігін түсіндіріп өтті.
-АКТ тапсыратын және күндізгі оқу түріне түсетін абитуриенттер ҰБТ форматында тестілеу тапсырады. АКТ тапсыратын және «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Қоршаған ортаны қорғау - өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» бейінді мамандық білімдері бар сырттай оқу түріне түсетін абитуриенттер екі пән математика және физикадан тестілеу тапсырады. Жалпы өту баллы 70 баллдан 35 балл, соның ішінде бағалар – математикадан -5 баллдан және физикадан 13 баллдан төмен болмауы қажет.
ҰБТ тапсыратын абитуриенттер үшін – жалпы бастапқы балл -50 балл, соның ішінде бағалары Қазақстан тарихынан, математикалық сауаттылықтан 5 баллдан төмен болмауы тиіс, оқу сауаттылығы – оқу тілі және әрбір бейінді пән – математика мен физикадан 15 баллдан кем болмауы керек.
Институттың жеке құрамы тағайындалған міндеттемелерді орындауға дайын болуы тиіс, сондықтан үміткерлерден төзімділік, жеделдік қасиеттері талап етілетін болады. Ол үшін дене шынықтыру даярлығынан нормативтерді тапсыру қажет, - дейді азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрсұлтан Шаймерденов.
Кездесу соңында ата-аналарда Қызмет басшылығына қызығушылық танытқан сауалдарды қоюға және толық жауабын алуға мүмкіндік туды.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему