Ала жіпті аттама!
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 23:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ала жіпті аттама!

16 Июня 2017 (11:27) | 4532 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Кісі ақысын жеме», «Ала жіпті аттама!» дегенді ұл мен қызына аманат етпейтін ата-ана жоқ шығар. Өйткені, кім болса да артында өнегелі ұрпақтың, өшпес іздің қалғанын қалайды. Алайда, осы бір ғасылардан қалыптасқан әдеп әліппесін нарықтың қатал заңы құрдымға жібергендей әсерде қалдырады. Кеше ғана адалдық деп алғашқы адымын жасаған ұрпақ бүгінде алтынның буы, ақшанның лебіне төтеп бере алмай, абыройын аяқасты етіп жатқанына күнде куә болып отырмыз. Тіпті, сатылап өсіп, өз саласының шыңына жеткен, кейінгілер пір тұтатын майталман азаматтардың да азғантай ақша үшін сынаптап жинаған беделінен бір күнде айырылуы таңсық болмай қалды. Бүгінде ұрпағыңа, ізіңнен еріп келе жатқан әріптестеріне кімді үлгі етіп, кімді өнеге тұтарыңды білмейсің. Бұл мемлекетіміздегі жемқорлыққа қатысты қолға алынған жұмыстарды әлі де жетілдіре түсу, әлі де қайтата түсу қажеттілігін көрсететіндей. Әрине, Қазақстан –ТМД елдері ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға алғашқылардың бірі болып қадам жасаған ел. 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» қабылданған Қазақстан заңы кейіннен бұрынғы әріптес елдердің кеселмен күреске қатысты жасаған заңнамасына негіз бола білді. Тәуелсіздікті қатар алған көршілес мемлекеттердің барлығы заң қабылдаудағы біздің әрекетімізді іліп әкетіп, жемқорлыққа қарсы жұмыстарын нығайтып жатты. Мұның өзі Қазақстанның кеселге қарсы күресте бастамашы болғанын анықтайды.

 

 

Елбасымыз Н.Назарбаев та елдің дамуын тежейтін, азаматтардың билікке деген сенімін сетінететін, болашаққа деген үмітін өшіретін сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше мән беріп келеді. Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларынан бұл жағымсыз құбылысқа қарсы тұру мәселесі түскен емес. Жақында жария етілген «Ұлт жоспарының» өзегінде де жемқорлықты жоюға деген ынта, жігер жатыр. Өйткені, сыбайлас жемқорлық етек алған мемлекеттерде заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Экономикамыз өркендеп, заңдарымыз шын мәнінде жұмыс істесін, өнеркәсібіміз өсіп, әлеуетіміз артсын десек, ең алдымен жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тосқауыл қоя біліуміз керек. Жемқорлық жайлаған мемлекеттерде кімнің беделі мықты, кімнің қалтасы қалың болса, солар өз сөзін өткізеді, өз үстемдіктерін жүргізеді. Мұндай жерде қарапайым халықтың заңға, әділдікке, мемлекеттің болашағына сенуі мүмкін бе?

 

 

Әрине, әлемде жемқорлыққа қарсы кешенді жұмыс жүргізіп, соның арқасында кеселді тежеген елдер де, сыбайлыстық дерті биліктің басына шығып кетіп, елі кедейліктің алдында тұрған мемлекеттер де бар. Әлемнің бәсекелестікке қабілетті 30 озық елінің қатарына қосылғымыз келсе, бізге сол жемқорлықты жеңген елдердің тәжірибесін пайдалану керек. Солардың игі істерін өзімізде барынша тиімді қолдана білгеніміз жөн. Және ондай жақсы істі жалғастыруға біздің әлеуеттік күшіміз де, материалдық жағдайымыз да жетеді.

 

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап-ақ жемқорлықпен кешенді түрде күрес жүргізіп келеді. Бүгінде Мемлекет басшысынын 2014 жылғы желтоқсан айындағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» статегиясын сапалы орындауға қатысты жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Мұндай шараларға сот құрылымы да белсене араласады. Биылғы жылы қолданысқа енгізілген жаңа кодекстерде де жемқорлықпен күреске ерекше мән берілген. Мәселен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 34-тарауы әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды қамтиды. Бұл тарау алты баптан тұрады, атап айтқанда жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы бергені, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алғаны, заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы бергені, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін және заңсыз кірістер алғаны үшін, мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде шаралар қолданбағаны үшін және бұрын сыбайлас қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін әкімшілік жауаптылықтар қарастырылған. Және бір ерекшелігі – жаңа кодексте жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық айтарлықтай күшейтілген, айыппұлдардың мөлшері өскен.

 

Жемқорлыққа қарсы күресте көмектесетін заңнамамыз мықты. Енді тек кеселге қарсы күреске қоғамды жұмылдыра алсақ болғаны.

 

Маңғыстау облысы

Бейнеу аудандық сотының судьясы Куандық Акеров

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему