Мажарлық саяхатшылар Қазақстанды салт атпен аралап жүр
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 08:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мажарлық саяхатшылар Қазақстанды салт атпен аралап жүр

15 Июня 2017 (18:27) | 1847 | Автор: Мира Ботабекова

 

Мажарлық саяхатшылар салт атпен Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне бара жатыр. Бірнеше мемлекетті артқа тастаған Венргияның «Аударыспақ Хунгари» федерациясының президенті Иштван Бенце мен тарихшы Ласло Цако енді міне Ақтауға табан тіреді. Мадиярлар бұл сапарын «Жібек жолы» деп атапты. Венгрияның О-Сайла қаласынан басталып, Сербия, Болгария елдерін аралап,  Қара теңізді кемемен өтіп,  содан соң атпен Грузия арқылы Әзірбайжанның тарихи ауданы саналатын Оғыз өлкесіне келген. Әзірбайжаннан Ақтауға Каспий арқылы кемемен жетіпті.

 

Көшпенділердің киімін киіп алған қос саяхатшы Маңғыстаудағы тарихи орындар мен көрікті жерлерді араламақ. Ата жұртым деп санайтын қазақтың киелі орындарына тәу етпек ниетте. Еліміздің бірнеше өңірін қазақтың тұлпарымен жүріп өтіп, тамыз айында Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне қатыспақшы. Мақсаттары – қазақ елімен тығыз байланыс орнату.

 

 

Иштван Бенце, саяхатшы

-Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне бүкіл әлем жұртшылығы қатысып жатқанда біз де қалыс қалмайық деп шештік. Көшпенділердің салты бойынша атпен жетуді жөн деп санадық. Біздің түбіміз бір. Сондықтан да арадағы байланысты арттырғымыз келеді. Сапар барысында Қазақстандағы тарихи жерлер туралы деректі фильм түсіреміз. Жолдасым Венгрияға белгілі жазушы. Елге барған соң әйелмінің көмегімен сапар қорытындысы туралы кітап жазу да жоспарымызда бар.

 

Иштван Бенце Венргия мен Қазақстанның арасын жол қылып, ұлттық дәстүрлер арқылы екі ел арасындағы ынтымақтастық, татулыққа өз әлінше үлес қосып жүрген азамат. Біздер Иштван мырзаны Венгрияның «Аударыспақ   Хунгари» федерациясының президенті ретінде жақсы танимыз. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған халықаралық шаралардың ешбірінен тыс қалмай, аударыспаққа да, көкпар мен жамбы атуға да мадияр бауырларымызды ертіп жетіп келетін Иштван Бенце енді «Жібек жолы» аталатын салт атты экспедиция ұйымдастырыпты, осылайша Астанада  өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне салт атпен келіп қатыспақшы.

 

Бағзы заманда Ғұн тайпасы жүріп өткен жолмен қайталап жүруге құмар Иштванның бар көздегені – Қазақ Елімен тығыз байланыс орнату, қала берді, Венгрияның бір бөлігін құрайтын мажарлардың көк түрік ұрпағынан таралғанын тағы бір дәлелдеу.

 

Иштванның бұл жолғы «Жібек  жолы» сапары үш кезеңнен тұратын, 2016-2018 жылдарға арналған өте ауқымды сапар екен. Венгриядан бастап салт атпен Сербия, Болгария, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Оңтүстік Корей мемлекеттерін аралап, ежелгі Жібек жолының даңқын бір жаңғырту. Бас-аяғы он бес мың шақырымды құрайтын бұл сапардың басы 2016 жылы Венгрияның О-Сайла қаласынан басталып, Сербия, Болгария елдерін аралап,  Қара теңізді кемемен өтіп,  содан соң атпен Грузия арқылы Әзербайжанның тарихи ауданы саналатын Оғыз өлкесімен тәмамдалыпты. Бұл сапардың қашықтығы 3500 шақырымға созылыпты. 

 

 

Енді биылғы жылдың 15-мамырында басталған «Жібек жолы» сапарының екінші кезеңінде мадияр бауырлар сол Әзірбайжаннан Каспий теңізі арқылы кемемен Ақтауға келді. Сөйтіп, мажарлықтар Маңғыстау даласын салт атпен көктей өтіп, Ақтөбе, Қостанай облыстары арқылы Астанаға жетеді. Қазақстаннан кейін Өзбекстан өңірінің тарихи орындарын тамашаламақшы.

 

Атажұртына атпен келуден жалықпайтын Иштван Бенце өзінің ілгерідегі сұхбатында: «Біздің арғы тегіміз қыпшақ. Қазақта бар кейбір дәстүрлер бізде де бар. Мысалы, орта Венгрияда бүгінгі күнге дейін ең құрметті деген қонаққа қойдың басын ұсынады. Көрдіңіз бе, бұдан артық қандай дәлел керек? Мәселен, мен өзімнің досымның торғайлық қыпшақ руынан екенін білемін. Менің қызметтесім, этнограф Фаркаш Чемез де қыпшақ. Әрине, Торғайдан Венгрияға дейін үлкен арақашықтық бар, бірақ бұл бізге кедергі емес. Өйткені, біз көшпенділерміз. Атқа қонып, ата-бабаларымыздың отанына келу біз үшін түк те емес» деген екен.     

   

Мадияр бауырлардың бұл «Жібек жолы» тарихи экспедициясы тамыздың аяғына таман, дәл көкпардан І Әлем чемпионаты басталар қарсаңда ғана Астанаға ат басын тіремекші. Сол тамыз айында Астанаға Венгрия көкпар құрама командасы мен аударыспақшылары да келіп жетеді деп жоспарлауда.

 

Иштван Бенценің салт атпен ұзақ сапарға аттануы бір бұл емес. Өзін іштей қазақ, қыпшақ ұрпағы санайтын Иштван бұған дейін де бірнеше мыңдаған шақырымдарды салт атпен ерінбей-жалықпай жүріп өткен. 2009 жылы «Алтын адамнан Атиллаға дейін» атты экспедицияны басқарып (6500 км), Қазақстанға бір келіп қайтқан. Одан соңғы «Еуразия» сапарында  (6000 км) Иштван бастаған үш салт атты мадияр бауырымыз 2012 жылдың   1 наурызында Будапешттен шығып  Румыния жері мен Қара теңізді басып өтіп, Әзірбайжан, Кавказ, Грузия елдерін аралаумен Астана қаласының мерекесіне орайластырып, 6  шілде күні Елордаға ат басын тіреген болатын. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему