Жаңаөзеннің 94 оқушысы ЭКСПО көрмесіне аттанды
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 19:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзеннің 94 оқушысы ЭКСПО көрмесіне аттанды

10 Июня 2017 (20:02) | 1796 | Автор: Мира Ботабекова

 

Жаңаөзен қаласының 94 оқушысы ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды. Олар шаһардағы №7, 14, 21 және гимназия мектебінде білім алатын әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың балалары. Балдырғандарға қызмет көрсету мақсатында екі медбике мен үш жеткізуші тағайындалған. Бұл Жаңаөзен қаласынан көрмені қызықтауға аттанған алғашқы көрермендер. Бұл туралы облыстық телеарна хабаралйды.


Бұл балалардың демалысын көңілді өткізу мақсатында ұйымдастырылып отырған шаралардың бірі. Олар үш күн Астана қаласының сәулетті орындарын тамашалайтын болады. Соның ішінде бір күні ЭКСПО көрмесіне арналады. Балдырғандарды шығарып салуға арналған жиында қала әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев осы күннің оқушылар жадында сақталатын ерекше атап өтті. Балаларға сәттілік тіледі.


Исахан Сағынбаев - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:


-Алғашқы Жаңаөзен қаласынан "ЭКСПО - 2017" көрмесіне аттанушыларға қала тұрғындарының атынан, қала әкімдігінің атынан сәт сапар тілейміз. ЭКСПО ға алғашқы болып бару бұл сіздердің мына оқушылар ертең өмірлеріңде біз ЭКСПО ға 17 жылы ашылғанда алғаш рет барушы болып едік дейтін өздеріңнің өмірлеріңде қалатын естелік. Сондықтан бүгінгі сапарларың сәтті болсын Көрмені қызықтауға баратын оқушылардың арасынан аттанған бүгінгі бірінші лек. Бұдан кейін де кезең - кезеңмен балалар жіберіліп отырады. Елорданы, ел көз тіккен доданы тамашалайтын балдырғандардың да қуанышында шек жоқ. Ата-аналар да ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

 

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі мамандарының мәліметі бойынша қыркүйек айына дейін көрмені қызықтауға 470 оқушы барады. Олар бес кезең бойынша жіберіледі. Балалардың Маңғышлақ темір жол стансасына дейін баруына және келуіне жауапты компания бекітілген.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему